Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Тараз қаласында білім беру мекемесі лицензиясыз жұмыс істеген
Наргиза Ерес sarapshy.info 17/01/2025

Тараз қаласында білім беру мекемесі лицензиясыз жұмыс істеген

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Тараз қаласында заңсыз қызмет атқарып келген білім беру ұйымының жұмысы тоқтатылды.

2024 жылы Тараз қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін білім беру мекемелерінің қызметіне тексеру жүргізді. Тексеру барысында «Бәйдібек» қайырымдылық мекемесі 2023 жылдан бастап лицензиясыз жұмыс істегенін анықтады.

Аталған мекемеде санитарлық-эпидемиологиялық, көші-қон, өрт-техникалық, еңбек және сәулет-құрылыс нормалары бұзылған. Соған қарамастан, онда 36 бала білім алған.

Заң бұзушылықтар негізінде Тараз қаласының прокуроры Жамбыл облысының мамандандырылған экономикалық сотына мекеменің тіркелгені туралы құжаттың күшін жою туралы талап арыз енгізді.

2024 жылдың 8 қазанында сот шешімімен «Бәйдібек» мекемесінің қызметі тоқтады. Мекеме есептік тіркеуден шығарылды. Шешім заңды күшіне енді.

2024 жылы елде білім беру қызметін лицензиясыз жүргізген 58 мектепке айыппұл салынды. Астана, Алматы, Атырау қаласы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Маңғыстау, Алматы және Жамбыл облыстарында мекемелердің лицензиясыз жұмыс істегені анықталды.

Лицензия алудың негізгі талаптары:

  • Тиісті материалдық-техникалық базаның болуы.
  • Білікті оқытушылар құрамының қамтамасыз етілуі.
  • Санитарлық, эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі нормаларының сақталуы.
  • Студенттерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру.

Осыған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов білім беру мекемелері қызметін бастамас бүрын лицензия алудың міндетті екенін, егер мектеп мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін алты ай ішінде лицензия алмаса сот шешімімен жабылатынын айтқан еді.

Сурет: inbusiness.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Бәйдібек» қайырымдылық мекемесі білім беру мекемесі Екінші ақпарат Лицензия мектепке айыппұл салынды
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.