Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанда лицензиясыз жұмыс істеген 58 мектепке айыппұл салынды
Наргиза Ерес sarapshy.info 22/11/2024

Қазақстанда лицензиясыз жұмыс істеген 58 мектепке айыппұл салынды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда білім беру қызметін лицензиясыз жүргізген 58 мектепке айыппұл салынды. Бұл ақпарат Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті жүргізген мониторинг барысында анықталды.

Аудит нәтижелері:

  • 2024 жылдың басынан бері 58 мектептің білім беру лицензиясы болмағаны белгілі болды.
  • Қазіргі таңда олардың 17-сі талаптарды орындап, лицензия алған.
  • Барлық мектептерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 463-бабы бойынша айыппұл салынды.
  • Мектептер Астана, Алматы, Атырау қаласы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Маңғыстау, Алматы және Жамбыл облыстарында орналасқан.

«Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, кез келген мектеп білім беру қызметін бастамас бұрын лицензия алуы қажет. Лицензияның болмауы мектептің тиісті талаптарға сәйкес келмейтінін немесе рұқсат алуға өтініш бермегенін білдіреді. Егер мектеп мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін алты ай ішінде лицензия алмаса, ол сот шешімімен жабылады», – деп мәлімдеді комитет төрағасы Ернұр Дәуенов.

Лицензия алудың негізгі талаптары:

  • Тиісті материалдық-техникалық базаның болуы.
  • Білікті оқытушылар құрамының қамтамасыз етілуі.
  • Санитарлық, эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі нормаларының сақталуы.
  • Студенттерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру.

2024 жылдың 3-тоқсанында ҚР Оқу ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне лицензия алу үшін 543 өтініш түскен. Олардың 224-іне лицензия берілді. 319 өтініш талаптарға сәйкес болмаған соң бас тартылды.

Білім беру саласындағы басқа да заң бұзушылықтар:

2024 жылдың басынан бері 69 білім беру ұйымында профилактикалық бақылау жүргізіліп, бақылау шараларының нәтижесінде 16 білім беру ұйымында анықталған бұзушылықтар толық жойылды, ал 37 ұйымда оны жою бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сурет: astana.gov.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
айыппұл білім беру ұйымы Заң бұзушылық ҚР Оқу ағарту министрлігі Лицензия
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.