Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
    • Ақпараттық хабарлама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 12 қараша
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Ақтауда құлаған ұшақтың «қара жәшік» деректері Қазақстанға жеткізілді
Наргиза Ерес sarapshy.info 15/01/2025

Ақтауда құлаған ұшақтың «қара жәшік» деректері Қазақстанға жеткізілді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бұл туралы отандық бұқаралық ақпарат құралдары Көлік министрлігіне сілтеме жасап хабарлауда.

Апаттан соң Бразилияға жеткізілген қара жәшіктердегі ақпаратты оқу қаңтар айының басында аяқталған. Соңғы ақпарат бойынша, деректер Қазақстанға жеткізілді.

Көлік министрлігінің авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссиясы Бразилиядан келген мәліметті талдап отырып, алдағы уақытта есебін жариялайтын болады. 

Зерттеуге Қазақстан, Әзербайжан және Ресей тергеушілері қатысты. 

Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсан күні, таңертең Azerbaijan Airlines  әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 жолаушылар ұшағы Бакуден Грозныйға ұшу кезінде Ақтау қаласынан 3 шақырым жерде құлады. Ұшақ бортында болған 67 жолаушының 38-і қаза тапты, 29-ы Ақтаудағы ауруханаға жеткізілген еді. Әуе кемесінде болғаг Қазақстанның 6 азаматы да қаза тапты. 

Әзербайжан Президенті Әлиев ұшақ апатына Ресейді кінәлап, жауапкершілік солардың мойнында екенін айтты. Президент мәлімдесіне дейін Euronews Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздерге сілтеме жасап, Ақтаудағы ұшақ апатына Грозный аспанына көтерілген Ресей  зымыраны себеп болғанын хабарлады.

Апатқа қатысты пікір білдірген саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл жағдайда «Ресейдің соңғы ұстанымы маңызды рөл атқаратынын айтады». Себебі Ресей мен Әзербайжан одақтас елдер болған соң, бір-біріне ашық болуының маңызы зор дейді.

Премьер-Министр Олжас Бектенов Ақтау маңындағы ұшақ апатынан кейін авиациялық қауіпсіздікті күшейтуді тапсырған еді.

Сурет: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Azerbaijan Airlines Embraer 190 Баку-Грозный Басты ақпарат Қара жәшік
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

27/10/2026
жаңалық

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

24/10/2026
жаңалық

Ресей-Украина соғысынан оралған қазақстандықтарға қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін бе?

23/10/2026

Жаңа мақалалар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

Біздің сараптама 27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

жаңалық 27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

жаңалық 24/10/2026

Рубио Орталық Азияға алғаш рет келді: Самарқанда не талқыланды?

Әлем жаңалықтары 24/10/2026

Ресей-Украина соғысынан оралған қазақстандықтарға қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін бе?

жаңалық 23/10/2026
Сайт мұрағаты
Қараша 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Қаз    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

24/10/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.