Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қашаған жобасының операторы 3,5 миллиард теңге айыппұл төлеуі тиіс
Наргиза Ерес sarapshy.info 10/01/2025

Қашаған жобасының операторы 3,5 миллиард теңге айыппұл төлеуі тиіс

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қашаған консорциумының операторы – NCOC (North Caspian Operating Company) компаниясы факелдерде газды жағу үшін Қазақстан бюджетіне 3,5 миллиард теңге төлеуі тиіс. 

Мұндай шешімді Қазақстан Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының Батыс өңіраралық басқармасының талап-арызы бойынша Астана қаласының экономикалық соты қабылдады. 

Компания өкілдері бұл істі халықаралық арбитражда қарау қажет деп, соттың қарауына қарсылық білдірген. Олардың айтуынша, Қашағанды игеру 1997 жылғы Солтүстік Каспий өнімін бөлісу туралы келісімге сәйкес жүргізілуде. Бірақ сот бұл дәлелдерді қабылдамады және NCOC-тің Қазақстан бюджетіне 726 миллион және 2,8 миллиард теңге көлемінде шығынды өтеу туралы шешім шығарды.

Бұл шешімге компания апелляциялық шағым түсіре алады.

Сонымен қатар, NCOC компаниясымен 150 миллиард доллардан асатын ірі халықаралық арбитраждық дау әлі де жалғасып жатыр. Бұған дейін, 2024 жылдың қазанында Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев екі жақ алдын ала келісімге күздің соңына дейін қол жеткізеді деп болжаған еді.

Қашаған кен орны – Атырау қаласынан 80 шақырым жерде Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде әрі теңізде орналасқан ең ірі мұнай кен орны.

Сурет kmg.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
NCOC айыппұл Алмасадам Сәтқалиев апелляциялық шағым Екінші ақпарат Каспий теңізі Қашаған Солтүстік Каспий факелдерде газды жағу үшін
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
Біздің сараптама

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

14/09/2026
Сарапшы пікірі

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

14/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.