Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанның ең ірі мұнай-кен орны Қашағандағы өндіріс толық қалпына келтірілді
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 04/11/2024

Қазақстанның ең ірі мұнай-кен орны Қашағандағы өндіріс толық қалпына келтірілді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

3 қазаннан бастап жөндеу жұмысына жабылған Қашаған кен орны толығымен іске қосылды. Бір айға жоспарланған жөндеу жұмысы 7 қазанда басталып, 27 қазанда аяқталды.

Осыған дейін Энергетика министрі күрделі жөндеудің аяқталып, мұнай мен газ өндіру қайта басталғанын хабарлаған еді. Осы уақыт аралағында елде көгілдір отын жетіспеушілігі туындаса, газды көрші елдерден импорттайтынын айтқан болатын.

Қашағандағы жөндеу неге әсер етті?

Мамандар Қашаған секілді ірі кеніштің жиі жөндеуге жабылуы ОПЕК+ келісімі бойынша міндетін атқаруға кедергі келтіретінін және шаруалардағы техникалардың жүруіне де кері ықпал ететінін айтады.

Қашаған кен орнында 2023 жылы 89,9 млн тонна мұнай өндірілген. Ал  2024 жылға 90,3 млн тонна мұнай өндіру жоспарланған еді. Алайда Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев Қазақстан 2024 жылдың соңына дейін 88 млн тоннадан астам мұнай өндіруді жоспарлап отырғанын айтты. Демек, жөндеу жұмысы жоспарланған межеден бірнеше тоннаға төмен көрсеткішке әсер етті.

Елдегі ақпарат құралының біріне сұхбат берген сарапшы Абзал Нарымбетов: 

«90 млн тонна мұнай өндіру межесіне соңғы рет 2019 жылы жеттік. Одан бері қол жеткізе алмай келе жатырмыз. Сол кезде-ақ сарапшылар Қазақстан үшін мұнай өндірудің ең жоғары шегі осы 90 млн тонна екенін айтқан болатын», – дейді.

Қашаған туралы не білеміз?

Қашаған кен орны – Атырау қаласынан 80 шақырым жерде Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде әрі теңізде орналасқан ең ірі мұнай кен орны.

Елдің табысына үлес қосады деп үміт артылған кен орыны 2020 жылы CNN Money тізімінде әлемдегі ең қымбат «энергетикалық жоба» деп көрсетілген.

Өндіріс орнының жалпы құны 116 млрд долларға тең деп бағаланған.

Сурет: kmg.kz

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Абзал Нарымбетов БҚО Қашаған кен орны Энергетика министрі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.