Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев 3 жылға сотталды
Наргиза Ерес sarapshy.info 26/12/2024

Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев 3 жылға сотталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Атыраудың экс-әкімі Қайрат Оразбаев жер учаскелерін заңсыз бергені үшін 3 жылға сотталды. Бұл туралы Атырау сотының баспасөз қызметі хабарлады. 

Қаланың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев жер қатынастары және сәулет бөлімдерінің басшыларына рекреациялық аймақтағы 8 жер учаскесін беру туралы тапсырма берген.

Жер қатынастары және сәулет бөлімдерінің басшылары өзара келісіп, санитарлық аймақтағы 18 жер учаскесін берген. Сәйкесінше жер қатынастары бөлімінің басшысы жер комиссиясының хаттамасының қосымшасына комиссия отырысында қаралған деп 18 өтініш туралы жалған мәлімет енгізген.

Сот шешімі сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы мен экс-әкімді ҚК 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен «Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану» бойынша кінәлі деп тапты. Нәтижесінде Оразбаевқа 3 жыл, сәулет бөлімінің басшысына 5 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Жер қатынастары бөлімінің басшысын «Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану» және «Қызмет бабында жалған құжат жасау» фактілері бойынша кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығы шектелді.

Үш шенеунік өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот заңды күшіне енген жоқ.

Осыған дейін Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевті «бюджет қаржысын жымқырды және қылмыстық топ құрды» деген айыппен Қазақстан соты сырттай 17 жылға соттады.

Сондай-ақ Атырау облысы Жылыой аудандық соты №2 ересектерге арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры Г.Жалекенова мен бухгалтер А.Шмидованы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп тапты. Олар мекемеде нақты еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны заңсыз аудару арқылы 73 млн теңгені жымқырған. Сот үкімімен Шмидова 7 жылға, Жалекенова 3 жыл 6 айға сотталды.

 

Сурет: facebook.com/KairatUrazbaev

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану» Атыраудың экс-әкімі сотталды жер учаскелерін заңсыз бергені үшін Қайрат Оразбаев Қала әкімі экс-әкім
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.