Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Айбар ОЛЖАЙ: «Теңге бағамын рубльден ажырату қажет»
Айбар Олжай sarapshy.info 03/03/2022

Айбар ОЛЖАЙ: «Теңге бағамын рубльден ажырату қажет»

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Нарық дәлізінде теңгенің тағдыры қандай болатынына халық алаңдаулы. Қазақстанға келетін импорттың 40 пайыздан астамы Ресей Федерациясының үлесінде. Сарапшылар алдағы кезеңде ел экономикасына байланысты нақты болжам жасай алмай отыр. Рубльге байлаулы теңгенің тағдыры көпшілікті толғандыруда. Ұлттық банк дерегіне сай, доллардың 3 наурыздағы ресми бағамы – 490, 43 теңге. Отандық валютаға Ресейге салынған санкцияның салқыны тиюде. Үкімет өкілдері де, сарапшылар да теңге өзін нарықта  нық ұстап қалуы 50 де 50 жағдайында деген сыңайда пікір айтуда. Десек те сарапшы Айбар Олжай төл валютаға мұнай бағасы оң ықпал етеді деп санайды.

«Отандық экономикаға не болады? Теңге не болады?

Дисклеймер: Глобалды тұрғыда Қазақстан үшін жағдай жаман емес.

Ұлттық Банк интервенциясы бар, фундаменталді факторлар бар: теңге долларға шаққанда 500 деңгейіне қонды. Әрине, біз үйренген 440-тан жоғары, бірақ Ұлттық Банктің осы жолы жасаған ақша-несие саясаты өте жоғары деңгейде болды.

Енді не болады?

Бізде жалпы рубльге байлана бермеу бойынша шешімнің қабылдануы ең сәтті жүріс болды. Естеріңізде бар шығар, кезінде рубль 3 теңге болып кетіп, ел азаматтары Ресейден үй, көлік, тұрмыстық техника алуға ұмтылып, оған автосалондар, құрылыс компаниясын ұстап отырған біздегі олигархиялық топтар қарсы қадам жасап, билікті рубль 5-6 теңге паритетінде ұстау бойынша байлап қойған еді. Олигархия жойылғандықтан, осы паритетті ұмыту қажет.

Бір сөзбен айтқанда, Сымағұлов пен Лаврентьев үшін бүкіл халықтың кедейленуін тоқтатуымыз керек және оны ендігі Ақорда өте жақсы түсініп отыр.

Енді рубльдің ескі паритетіне байланып қалуға болмайды. Мейлі 1 рубль 1 теңге болсын, бірақ қазақстандықтар Ресейден зат сатып алады деп уайымдап, лобби қосып, Ақорданы шабуылдаудың қажеті жоқ. Қазіргі Ресейден ешкім ештеңе алмайды, және Ресейдің (халқы, автосалондары, құрылыс компаниялары) ешкімге қазіргі бағамен ештеңе сатпайды.

Теңгеге қолдау көрсетер мықты фактор – мұнай бағасы. Қазақ мұнайына санкция салынған жоқ. Сондықтан рубльді теңгеден ажырату жақын күндердің шаруасы болуы тиіс. Экспортты қорғау, ат төбеліндей топты тыңдауға дәл қазір стратегиялық тұрғыдан болмайды. Құлайтын экспорт құлай берсін, бірақ теңге бағамын бүкіл халықтың қалтасы үшін рубльден ажыратып алу өте қажет.

Жалпы еліміздің жағдайы жаман емес. Бұл жағдайда Қазақстан өте жеңісті деңгейде. Санкциядағы бүкіл Ресей бизнесі Қазақстан десе аузынан суы аға бастады. МФЦА-ға кезекке тұрары сөзсіз. Тек, осыны экономикалық тұрғыдан ұтымды пайдалана білейік. Теңге дәл осы жағдайда болашағы мықты валюта. Және Ұлттық Банк оны жақсы түсініп отыр», – деп түсіндірді Айбар Олжай.

Sarapshy.info

Автор

  • Айбар Олжай

    белгілі PR маман, журналист, публицист, қазақша коммуникация бойынша ЕҚЫҰ ұлттық кеңесшісі.

    Барлығын қарау
Паритет Рубль Санкция теңге құны Ұлттық Банк
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026
Қаржы

Үшжылдық бюджет: БҚО-да қай салаларға қаражат бөлінді?

15/01/2026
жаңалық

Қазақстан шенеуніктерінің декларациясы: миллионер жұбайлар, жалақыға өмір сүретін министрлер

06/01/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.