Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 24 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»БҚО әкімі жаңа әуежай құны неліктен 2,5 есе қымбатқа түскенін түсіндірді
Нұрлыбек Рахманов sarapshy.info 02/12/2021

БҚО әкімі жаңа әуежай құны неліктен 2,5 есе қымбатқа түскенін түсіндірді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ғали Есқалиевтің айтуынша, жаңа әуежай жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. «Жаңа әуежай барынша жоғары технологиялық болады. Жобаға ең жақсы технологиялар мен жабдықтар қосылды» деді ол.

Бүгін БҚО әкімі Ғали Есқалиев Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде спикер болып, «Мемлекет басшысының Жолдауы аясында БҚО-ның дамуы туралы» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамадан соң журналистердің сұрақтарына жауап берді. Соның ішінде әуежай қашан пайдалануға берілетіні мен қайта құру жұмыстары не себепті 2,5 есе қымбаттағаны жөнінде де жауап берді.

Еске сала кетсек, бұрын 2,4 млрд. теңгеге есептелген күрделі жөндеу жобасы тоқтатылып, қазіргі жоба құны 6,6 млрд.теңгеге бағаланған жоба іске асырылуда.

«2019 жылы әуежайды қайта құру жобасын бастадық. Қайта құру кезінде құрылыстардың сейсмотұрақтылығына жауап беретін ҚазҚСҒЗИ мамандандырылған компаниясы әуежай негізінде жасырылған ақауларды анықтады. Сондықтан сол жобаны толығымен тоқтатуға және жаңа жобаны жасауға мәжбүр болдық: тұрғындардың ыңғайлылығы үшін, болашақта жұмыс істеу үшін біз жобаны бірден 2 есе үлкейтіп жасадық. Осыған байланысты қымбаттады. Яғни, бұл мүлдем басқа жоба: бұрын қолданыстағы жобаны қайта құрдық. Жаңа әуежай барынша жоғары технологиялық болады. Жобаға ең жақсы технологиялар мен жабдықтар қосылды. Облыс тұрғындары мен қонақтарына оны пайдалану өте ыңғайлы болады деп ойлаймын. Мен жыл соңына дейін ғимарат ашқымыз келетінін айттым. Бұл жоспар әлі де бар. Қыркүйектен бері Қытайдан жүк келмеуіне байланысты кідірістер бар. Мердігер де, біз де жыл соңына дейін жолаушыларды кіргізуге барынша тырысамыз. Мейлі, жаңа әуежай толық жұмыс жасамасын, бірақ, кем дегенде, жолаушылар үшін әуежай жылы әрі жайлы болады. Біз бұл жоспардан бас тартпаймыз»,- деп сендірді Есқалиев.

AQJAIYQ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұсынған жаңа әуежайдың эскиздері:

 

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
әуежай құрылысы БҚО Ғали Есқалиев
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
Біздің сараптама

Орал тұрғындары көлікті әлі де ауыз сумен жуады: қала техникалық су мәселесін қалай шеше алады?

13/04/2025
жаңалық

БҚО-да 700-ден астам науқасқа тегін дәрі берілмеген

31/03/2025

Жаңа мақалалар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

Әлем жаңалықтары 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.