Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жоғары лауазымды өкілі Түркіменстанның коронавирусқа қатысты мәлімдемесіне күмән келтіріп, вирустың елде таралмауы екіталай деп мәлімдеді. Бұл туралы BBC сайты хабарлайды.
ДДСҰ-ның Төтенше жағдай жөніндегі аға офицері Кэтрин Смоллвуд әлемде пандемия екі жылға жуық таралғанын еске салып, ғылыми тұрғыдан Түркіменстанда вирустың таралмауына күмән келтірді.
Түркіменстан билігі коронавирус пандемия басталғалы елде COVID-19 тіркелмегенін хабарлап келеді.
Кэтрин Смолвуд 2020 жылдың жазында Түркіменстанға жұмыс барысымен келген ДДСҰ миссиясының делегациясын басқарған. Сол кезде миссия өкілдері елде коронавирус анықталғанын растамады және жоққа да шығармады.