Қазақстанда тіркелген қытайлық компаниялардың саны күрт өсті

1 қыркүйекте Қазақстанда қытайлық меншік иелері бар заңды тұлғалар мен филиалдар саны 4 674 болды, бұл 1 тамыздағыға қарағанда 150 бірлікке көп.

Осы уақыт ішінде айына тіркелген ұйымдардың саны тек бір рет қана 2023 жылғы қарашада кеміді. 2024 жылы өсім қарқындап келеді.

Қазір тіркелген ұйымдардың тек үштен екісінің (3 062 бірлік) ғана жұмыс істеп тұрғаны рас. Екінші жағынан, Қытайға тиесілі жұмыс істеп тұрған компаниялардың саны бір ай ішінде 122 компанияға артып отыр.

DataHub мәліметіне сүйенсек, серіктес елдердің бірде-бірі тамыз айында мұндай нәтижеге қол жеткізбеді. Ал жұмыс істеп тұрған компаниялардың жалпы саны бір ай ішінде 221-ге қысқарды.

Динамиканың бәсеңдеуіне Ресейдің көрсеткіштері себеп болып отыр (жұмыс істеп тұрған компаниялардың саны бір ай ішінде 138-ге қысқарды). Сонымен қатар РФ-ға тиесілі тіркелген ұйымдардың саны кеміді (-31 дана).

Мұның алдындағы көрсеткіштермен салыстырғанда бұл шама азырақ. Қазақстанда жұмыс істеп жатқан Ресей компанияларының саны 2022 жылдың ақпанынан бері алғаш рет қысқарған. Десе де, қазақстандық активтерді сатып алуда ресейліктердің белсенді екенін атап өту керек.

Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-саттық көлемі рекордтық көрсеткішке жетті

Айтып өтелік, Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы ұлғайды. 

Көктемдегі есепке сүйенсек, екі ел арасындағы сауда айналымы 40 млрд долларға жетті. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Ендігі мақсат сауда-саттық көлемін 100 млрд долларға жеткізу болып отыр.

Қытай Қазақстанға күнделікті тұтыну өнімдерінен бастап, автомобиль, компьютер сияқты жоғары технология өнімдеріне дейін жеткізеді. Ал Қазақстан Қытайға негізінен табиғи ресурстар, дәнді-дақылдар мен май өнімдерін экспорттайды.

Сурет egemen.kz сайтынан алынды 

Әлеуметтік желілер арқылы бөлісуді ұмытпаңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған