Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
    • Ақпараттық хабарлама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сәрсенбі, 11 қараша
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?
Нұрлыбек Рахманов жаңалық 24/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

20 қазанда ҰҚК Шекара қызметі «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында 620 ақбөкен мүйізін Қытайға заңсыз алып өту әрекетін тоқтатты. Тәркіленген мүйіздің жалпы құны қара нарықта шамамен 180 млн теңгеге бағаланады. Есептесек, бір мүйіз шамамен 290 мың теңге тұрады екен.

Қазақстан киік мүйізін өте қатаң қадағалаймыз деп CITES-ке уәде берген

Қазақстанда киік саны 4 миллионға жетті деді, бұл әлемдік популяцияның 98%-ынан астамы. Мал егістігі мен жайылымға залал келтіріп жатыр деп Батыс Қазақстан облысында арнайы реттеу жүргізіліп жатыр: 2026 жылдың басынан бері облыста 18 874 киік атылды. Ал мүйіз экспортына ұзақ жыл бойы тыйым салынған болатын.

Енді бұл өзгерді. Биыл CITES конференциясында Қазақстанның мүйіз экспорттаймын деген бастамасын 111 ел (қатысушылардың 94%-ы) қолдады. Жеті мемлекет, соның ішінде Моңғолия қарсы болды. Қазақстан сату табысын биоәртүрлілікті сақтауға жұмсауға және сатылымның ізін қадағалауға уәде берді. Қазір әр мүйіз міндетті түрде таңбаланады. Бірақ бұған дейінгі жылдары таңбаланып жиналған мүйіздің есебін әлі берген жоқ.

Ашық қалған сұрақтар

ҰҚК хабарламасында мүйіздердің қайдан келгені, кімдер ұсталғаны және оларға қандай айып тағылатыны айтылмаған. Материалдар процессуалдық шешім үшін құзыретті органға жіберілген. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу барысы жарияланбайды. Мүйіздің таңбасы бар-жоғы да белгісіз.

Бұл жалғыз оқиға емес. Қырғызстан ҰҚК-сі де бұрын Қытайға Қазақстаннан өтпек болған 160 келіден астам (845 дана) киік мүйізін ұстаған болатын.

Бұл жүйені кім бақылайды? Қаншалықты қатаң бақыланып жатыр? Биліктің киікті ресми атуға рұқсат берсек браконьерлік тоқтайды деген болжамы қате болғаны ма?

Суретте Қорғастан ұсталған киік мүйізі

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
CITES браконьер Киік Киік мүйізі киік популяциясы Киік санын реттеу
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

27/10/2026
жаңалық

Ресей-Украина соғысынан оралған қазақстандықтарға қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін бе?

23/10/2026
Біздің сараптама

Шымкенттегі инвестфорум: $4,8 млрд-тық құжат экономикаға не береді?

23/10/2026

Жаңа мақалалар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

Біздің сараптама 27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

жаңалық 27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

жаңалық 24/10/2026

Рубио Орталық Азияға алғаш рет келді: Самарқанда не талқыланды?

Әлем жаңалықтары 24/10/2026

Ресей-Украина соғысынан оралған қазақстандықтарға қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін бе?

жаңалық 23/10/2026
Сайт мұрағаты
Қараша 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Қаз    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

24/10/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.