Әлеуметтік желіде Эйфель мұнарасының төбесінде Палестинаның туы ілініп тұрған бейне тарады. Бұл видео фейк деген үкім шығарды Factcheck.kz.
Кейінгі бірнеше күнде әлеуметтік желілерде, әсіресе Instagram-да «Парижде митиңге шыққан азаматтар Эйфель мұнарасының төбесіне Палестинаның туын ілді» деген сарында видео тарап жатыр (1, 2, 3, 4). Бейнеден мұнараның төбесінде ілініп тұрған екі туды көруге болады.

Factcheck.kz бейненің растығын тексеріп көрді.
Толығырақ
Бейненің алғашқы нұсқасын жариялаған jaranor.films парақшасы тек ЖИ контент жасаумен айналысады. Парақшада Эйфель мұнарасы мен Палестина туына қатысты 6 ұқсас видео жарияланған. Онда мұнара әртүрлі ракурстан көрсетілген және барлығында Палестинаның туын ұстап тұрған халық бейнеленген. Видеоның алғашқы нұсқасы 18 қазанда жариялана салысымен әлеуметтік желіде тез тарады. Әртүрлі парақша біренен соң бірі көшіріп басып, шетелдік аккаунттар мен жеке адамдар да жариялап жатыр.
Видеоны India Today фактчекерлері мен Leadstories сайты да тексеріп, ЖИ екенін жазды. Мәселен, leadstories-тың жазуынша, Эйфельдің төбесінде бейнеленген адамдар тым биік екені байқалады. Яғни мұнараның басындағы қауіпсіздік үшін жасалған қоршау мен адамдардың пропорциясы сәйкес келмейді. Ал India Today фактчекерлері видеодағы Палестина туы кейбір кадрда Иорданияның туына ұқсайтынын және мұнараның түсініксіз детальдарын көрсеткен.

Контекст
Кейінгі бірнеше күнде Фрнацида жаппай наразылық тәртіпсіздікке ұласып, халық митиңге шықты. Euronews басылымының жазуынша, Париждің республика алаңы мен Les Halles сауда кварталында 23:00 мен 6:00 аралығында комменданттық сағат енгізілді. Премьер-министр Себастьен Лекорнюның айтуынша, ұсталғандардың 80%-і қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Басты беттегі сурет: Magnific.com

