Батыс Қазақстан облысында алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлерлік шоттарға аударып, қолма-қол ақшаға айналдырған күдікті қамауға алынды. Бұл іс бойынша тағы 6 адам күдікті деп танылды, деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігі.
Қылмыстық топ дропперлерге 200-350 АҚШ доллары көлемінде сыйақы төлеп отырған. Олар шоты бұғатталған дропперрлердің біріне қысым көрсетіп, банк қосымшасын қайта верификациялауды талап еткен. Оны пәтерде заңсыз ұстап, күш қолданамыз деп қорқытып, ұялы телефонын ломбардқа өткізуге мәжбүрлеген.
Былтыр қазанда Оралдық студенттің атына ашылған банк шоттарына интернет-алаяқтықпен табылған ақша түскен, кейін бұл қаржы шетелге аударылған. Дропперлік жүйенің мүшесіне айналғанын түсінген студент полицияға өзі жүгінген.
Айта кетейік, таяуда заңсыз жолмен 3,1 млрд теңгеден астам табыс тапқан «bingo37.pro» құмар ойынына қатысты тергеу басталды.
фото: freepik.com

