Қаңтар айында Қазақстандағы үш ірі мұнай кен орнында өндіріс көлемі екі есеге азайды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Агенттік мәліметінше, Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында өндірілген мұнайдың жалпы көлемі желтоқсанда 5,1 млн тоннаны құраса, қаңтарда 2,7 млн тоннаға дейін төмендеген.
Өндірістің төмендеуіне Теңіздегі жөндеу жұмыстары мен Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуыл себеп болған.
Айта кетейік, таяуда АҚШ билігі Каспий құбыр консорциумына дронмен шабуыл жасаған Украинаға демарш жариялады.
фото: freepik.com
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

