Өткен жылы БҚО арқылы тыйым салынған тауарларды 219 рет өзге аймақтарға заңсыз әкетпек болған. Аталмыш заттардың қатарына қару-жарақ, есірткі және мұнай өнімдері жатады. Бұл туралы БҚО мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ермек Алгазиев хабарлады.
2025 жылы заңсыз айналымнан 68 мың литр алкоголь, 1,5 млн қорап темекі және 2,1 тонна мұнай өнімдері тәркіленді. Кейбір тауарлар бойынша көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есеге жоғары.
Өңірге заң тыйым салған тауарларды шетелден алып келетіндер де бар. Таяуда БҚО-да шекара арқылы электронды темекі тасымалдамақ болған азамат ұсталып, 1 179 600 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
фото: freepik.com

