Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша референдум 15 наурызда өтеді. Бұл туралы президент жарлығында хабарланды.
Жаңа Конституция жобасы 11 бөлім мен 95 баптан тұрады.
Айта кетейік, 24 қаңтардан бастап комиссия мүшелері Конституция мазмұнының 84%-ын өзгертіп, 77 бапқа түзету енгізген.
Реформа қабылданған жағдайда екі палаталы парламенттен бір палаталы парламентке көшу және Конституцияны халықаралық шарттардан жоғары қою бекітіледі. Өзгерістер қатарында вице-президент институтын енгізу де бар.
Конституцияның жаңа жобасында мемлекеттік тіл туралы бап өзгерізсіз қалды. Мемлекеттік ұйымдарды қазақ тілі мен орыс тілі қатар қолданылады.

