2026 жылдың қаңтар айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында 126 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Оның 110-ы жемқорлық бабы бойынша тіркелген. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі хабарлады.
Қылмыстық істер бойынша келтірілген залал көлемі 18 млрд теңгені құрады. Қазіргі кезде бюджетке 100 млн теңге қайтарылған.
Комитет мәліметінше, сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымын асыра пайдалануға қатысты. Тергеу барысында 89 адамның заңсыз қызметі тоқтатылып, 121 іс сотқа жолданған.
Айта кетейік, 30 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында 134 млн теңге көлемінде пара алған шенеунік ұсталды.
фото: istockphoto.com

