Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Біздің сараптама»Ауыл жолдарын жөндеу кідіре ме? Көлік министрі нені меңзеді?
Нұртай Текебаев Біздің сараптама 31/01/2026

Ауыл жолдарын жөндеу кідіре ме? Көлік министрі нені меңзеді?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев ауыларалық және ауылға кіреберіс жолдарды асфальттау тым қымбатқа шығатынын айтып, оның орнына қиыршық тас төсеуді ұсынатынын айтты.

Осы тұста айта кетейік, БҚО-да әлі күнге тұтас жол желісі бойынша ахуал жақсара қоймады. Ауыларалық жол түгілі республикалық жолдарды жөндеу мәселесі түбегейлі шешімін тапқан жоқ.

Министр сөзі әкімдіктерге заң іспетті. Бұл ретте аудандарда жүргізіліп жатқан жол жобаларына бюджеттен қаражат бөлу мәселесі тоқтап қала ма, тұрғындарды осы мәселе толғандыратыны анық.

БҚО – мұнайгаз конденсатын өндіріп отырғанымен, дотациялық аймақтың бірі болып саналады. Әлбетте бюджет бөлуде республикалық трансферлер маңызды рөл атқарады. Жергілікті бюджет ауқымды жобаларды жүзеге асыра алмайды.

Министрлік жауабы

Осыған байланысты Sarapshy.info редакциясы Көлік министрлігіне хат жолдады. Ведмоство министр көтерген мәселеге байланысты нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу жұмысы басталып кеткенін растады.

«Қазіргі уақытта шағын елді мекендерге кірме және ауыларалық жолдарда қиыршық тас жамылғыларын қолдану мәселесіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу жұмыстары бастапқы кезеңде жүргізілуде. Аталған НҚА жобалары алдағы уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен келісуден, қоғамдық талқылаудан, сондай-ақ тиісті сараптамалық рәсімдерден өтетін болады. Осы процестер барысында өңірлік ерекшеліктер, жолдардың техникалық жай-күйі, қаржыландыру мүмкіндіктері және тұрғындардың пікірлері ескерілетін болады», — деп хабарлады Көлік министрлігі.

Жобаны әзірлеуге жергілікті атқарушы органдар да атсалысады. Әзірше ауыларалық жолдар жөнінде айтқан министрдің нені меңзегені белгісіз.

«Құжаттар әзірлеу сатысында болғандықтан, қазіргі уақытта нақты нормалар мен тетіктер бойынша толық әрі егжей-тегжейлі ақпарат беру мүмкін емес, алайда бұл бағыттағы жұмыстар уәкілетті органдармен бірлесіп жалғасуда», — делінген ресми жауапта.

Заңнама талаптары өзгеруі керек

Көлік жолы сарапшысы Берік Хасенов жол құрылысы мәселесін шешу үшін кеңестік кезеңнен қалған нормативтерді өзгерту керек деп санайды.

«Біріншіден, облыстық, ауданаралық, ауыларалық жолға қатысты сұрақтарға облыс әкімдігіне қарасты басқарма жауап береді. Заң бойынша әкімдіктер мәслихаттармен бірге бюджеттен жергілікті жолға қаражат бөлу мәселесін өздері шешеді.

Екіншіден, елдегі нормативтік-құқықтық актілер – кеңес кезінен қалған құжаттар. Егер ауылдарға сапалы жол саламыз десек, қазіргі заман талабына сай осы актілерді өзгертуіміз керек», – деді Берік Хасенов.

Сарапшы жол құрылысына қатысты заң жобалары жеткілікті деңгейде жетілдірілмегенін айтты.

«Қазақстанның Экология кодексі мен Құрылыс кодексі жаңартылды. Осы Құрылыс кодексі жобасы талқыланғанда министрліктен заңда тек үй құрылысына қатысты баптар жаңартылып, жолға қатысты нормативтік-құқықтық актілер неге өзгертілмегенін сұрағандар көп болды. Менің ойымша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты актілерге өзгеріс енгізе алмасақ, жол құрылысы бойынша заң жобасын жеке жазып шығу керек. Автожол құрылысына арналған заң талаптары кенже қалып отыр», – деді Берік Хасенов.

Көлік министрлігі құзірет мәселесіне қатысты редакция сауалына да жауап берді.

«Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі жергілікті жолдарды асфальттау мәселесінде тікелей орындаушы орган болып табылмайды, алайда «Автомобиль жолдары туралы» Заңға сәйкес автомобиль жолдары саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты үйлестіру және іске асыру құзыретіне ие», — деген анықтама берді ведомство.

Әр шақырымға – 25-30 млн теңге

Осы ретте «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК БҚО филиалының директоры Рафис Зинетовтің пікірін білдік.

Ұлттық орталық филиалы басшысының айтуынша, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 50 пайыздан астамы қанағаттанарлық жағдайда, ал қалған бөлігі қанағаттанарлықсыз күйде. Яғни көктем және күз мезгілдерінде бұл жолдармен қатынау қиын немесе мүлдем мүмкін емес. Себебі аталған жолдарда қандай да бір материал (құм-қиыршықтас қоспасы, қиыршықтас, асфальтбетон) төселмеген немесе ешқашан жөндеу жүргізілмеген.

Рафис Зинетовтың пікірінше, автокөліктер жүре алмайтын учаскелердегі топырақ жолдарды өтпелі типтегі жабынға ауыстыру қажет, яғни қиыршықтас немесе қиыршықтас-құм қоспасын төсеу керек.

«Құм-қиыршықтас қоспасын (ПГС) қоспағанда, облыс аумағында жол-құрылыс материалдарының карьерлері жоқ. Барлық материал басқа өңірлерден жеткізіледі. Соның салдарынан 1 шақырым асфальтбетон жолының құны шамамен 150-200 млн теңгені құрайды, ал 1 шақырым қиыршықтас-құм қоспасы төселген жолдың құны шамамен 25-30 млн теңге, яғни 6-7 есе арзан.

Бюджет қаражатын  оңтайландыру және ұтымды пайдалану мақсатында бұл тәсілді дұрыс деп санаймыз. Бір километр асфальтбетон жолдың орнына өтпелі типтегі жабынмен жеті км жол салуға болады, бұл өз кезегінде қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін арттыруға мүмкіндік береді», – деді Рафис Зинетов.

Директордың айтуынша, асфальт жолдарды тиісті деңгейде ұстауға жергілікті атқарушы органдардың жеткілікті бюджеті жоқ.

«Министрлік шешімі көлік қозғалысының қарқындылығы өте төмен, шағын елді мекендерге бағытталуы тиіс екенін атап өткен жөн. Осындай тәсіл арқылы қысқа уақыт ішінде, жылдың қай мезгілі болмасын, тұрғындардың барлық елді мекенге үзбей қатынауына жағдай жасауға болады», – деді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК БҚО филиалының директоры.

Жобаға бірден индексация жасалуы керек

Облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Нұрлан Сәдір санаулы ғана адам тұратын ауылдарға баратын жолға қиыршық тас төсеу туралы ұсынысты қолдауға болатынын айтты.

«Сауранбаев жай ғана пікір айтумен шектелмеуі қажет. Бір ауылды мысалға ала отырып, жол сапасы мен құрылыс материалы қандай болатынын, экономикалық тиімділігін нақты түсіндіргенде, ойлануға болады. Шағын елді мекендер туралы айтқанын да сарапқа салу керек. Бәлкім, бес-он үй тұратын ауылдарға асфальт салу қымбатқа шығатын болар», — деді Нұрлан Сәдір.

Қоғамдық кеңес мүшесі билік органдарының қаражат жеткіліксіз екенін айтып, жол құрылысын тоқтатып қоюы тиімсіз деп санайды.

«Аудан-ауылдағы жолдарды салғанда, инфляция қарқынын есептеп, бірден кесіп-пішіп қаражат бөлу керек. Өтпелі жол жобаларының күрт қымбаттауы себепті жолдарды жөндеу жұмысы ұзақ уақытқа кідіреді немесе мүлдем тоқтап қалады. «Қаражат жоқ» дегенді желеу ете беруге болмайды», — деді Нұрлан Сәдір.

Оқыңыз: БҚО-ның алыс аудандарындағы маңызды жол жобасы неге қымбаттады?

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Залмукановтың айтуынша, былтыр жергілікті  бюджет қаражатына шағын ауылдардағы 180 шақырым жолға қиыршықтас-құм қоспасын төсеу жоспарланған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста 90,3 шақырым автожол жөнделді.

– Көлік министрлігінен қай ауылды жөндеу жөнінде нұсқау келмейді. Облыстағы бюджеттік комиссия қаражат бөлу мәселесін мәслихат сессиясына ұсынады. Жергілікті мәслихат бюджетті бекітеді. Дегенмен әр өңірде аудан және ауыл жолдарының рейтінгісі есепке алынады. Асфальт-бетон қоспасы төселген жолға «жақсы», қиыршық тас төселген жолға «қанағаттанарлық» деген баға беріледі. Биыл қанағаттанарлық және жақсы деңгейдегі жергілікті жол желісі 56 пайыздан 60 пайызға жетті. Соның өзінде республика бойынша өңірдегі жол көрсеткіші төмен деңгейде қалып отыр,  – деді Мұрат Залмуканов.

Басқарма мәліметі бойынша БҚО-дағы облыстық және аудандық жолдардың жалпы ұзындығы – 4704 шақырым. Жалпы сипаттағы трансферт бойынша 2026-2028 жылдарға арналған жол бюджеті бекітілген. Бірақ былтырғы есепке қарағанда, 2026 жылға республикалық бюджеттен аз қаражат бөлінді. Бұл қаражатқа басталған жобаларды жалғастыру немесе аяқтау ғана көзделіп отыр. Одан бөлек автожолдарды жөндеу облыстық бюджет түсіміне байланысты болады.

Мұрат Залмуканов дерегінше, былтыр Ақжайық ауданының Алғабас округіне қарасты Жаңажол ауылына дейінгі 15 шақырым жолға ағымдағы жөндеу жүргізіліп, қиыршық тас төселді. Жаңажолда 349 адам тұрады. Бәйтерек ауданының Раздолный ауылынан 1,5 шақырым қашықтықта жатқан Ақбидай елді мекенін округ орталығына қосатын жол жөнделді. Осы Ақбидайда 70-тен астам тұрғын бар. «Министрлік осындай шағын елді мекендерге асфлаьт салмауды ұсынып отырған болар деген ойдамын. Әзірше нақты нұсқау келген жоқ», – деді Мұрат Залмуканов.

Өңірлерде жол сапасы біркелкі емес

Көлік министрлігі шағын ауылдарға арналған құжат әзірленіп жатқанын хабарлағанын айттық. Sarapshy.info сауалына жауап берген ведомство қиыршық тас жабындысы кейінгі кезеңде асфальттауға негіз қалыптастыратынын алға тартты.

«Шағын елді мекендер деп, әдетте, халқы аз, көлік қозғалысы төмен және экономикалық белсенділігі шектеулі ауылдық елді мекендер түсініледі. Мұндай елді мекендерге кірме және ауыларалық жолдарды дамыту кезінде қиыршық тас жамылғысын қолдану экономикалық тұрғыдан неғұрлым тиімді шешім болып табылады», – деп мәлімдеді Көлік министрлігі.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу жұмыстары негізінен облыстық және аудандық бюджеттер есебінен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен тікелей нысаналы қаржыландыру көзделмегенімен, бұл жұмыстарды қаржыландыру жалпы сипаттағы трансферттер (ЖСТ) шеңберінде іске асырылады.

«Қиыршық тас жамылғысын қолдану ауылдарға кірме жолдар мен ауылдар арасындағы жолдарды асфальттау жобаларын толық тоқтату дегенді білдірмейді», — деп нақтылады министрлік.

Республика бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы шамамен 70 мың шақырым. Оның ішінде 35 мың шақырымы асфальт-бетон жамылғысымен қамтылған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында 3 600 км учаскеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді.

Оқыңыз: Атырау-Орал автожолын реконструкциялау 2030 жылға дейін шегерілді

Жергілікті маңызы бар, соның ішінде ауданаралық және ауыларалық жолдардың нормативтік жағдайы өңірлер арасында біркелкі емес. Жамбыл (99,5%), Маңғыстау (98%) және Павлодар (96%) облыстарында жолдардың жағдайы ең жоғары деңгейде тіркелсе, Батыс Қазақстан (60%), Ақтөбе (82%) және Атырау (83%) облыстарында бұл көрсеткіш республикалық орташа деңгейден төмен болып отыр.

«Бұл айырмашылықтар өңірлердің аумақтық ерекшеліктеріне, жол желісінің тығыздығына және қаржыландыру мүмкіндіктеріне тікелей байланысты», — деп түсіндірді ведомство.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген 2026-2028 жылдарға арналған жалпы трансферттер туралы заң жобасы аясында барлық салаларға 9 072 млрд теңге (2026 жылы – 1 731 млрд тг, 2027 жылы – 3 199 млрд тг, 2028 жылы – 4 142 млрд тг) қарастырылған. Осы қаражат есебінен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелерін салу және жөндеу жұмысы жүргізіледі.

 

Түйін талдау:
  • Сонымен, министрлік нормативтік-құқықтық актілер әзірленіп жатқанын хабарлады. Бірақ нақты қай елді мекендерге қатысты жол жобалары дайындалатыны белгісіз.
  • Сарапшылар жол құрылысы бойынша заңнама түгел жаңартылуы керек деп есептейді. Ескі стандарттар автожолдар сапасын арттыруға қолбайлау болып отыр.
  • Батыс аймақтағы ауданаралық және ауыларалық жолдар өте төмен деңгейде. Мәселен, оңтүстік өңірмен салыстырғанда БҚО-да тұрғындар саны аз әрі ауылдар алшақ орналасқан. Қаражат бөлу азайса, жол көрсеткіші мүлдем азаюы мүмкін.
  • Sarapshy.info экономикалық тиімділікті есепке алынғанның өзінде, әлеуметтік әділеттілік сақталуы керек деп есептейді. Өңірлер арасында автожол инфрақұрылымы бойынша ала-құлалық болмауы тиіс.
  • Сапалы автожол –  өркениет белгісі. Ауылдарға баратын жолдар урбанизация мәселесіне тікелей әсер етеді. Тұрғындардың, әсіресе жастардың елді мекендерде тұрақтап қалуына себеп болуы мүмкін.
  • Республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға асфальт жамылғысы төселгенде, жол бойындағы ауылдардың кіреберісі де тұтас қамтылуы керек.
  • Министрлік аудандарда жергілікті жолдарды күтіп-ұстау мәселесі өте нашар екенін назарға алуы керек. Сондықтан қиыршықтас және құм-гравий қоспасының сапасы назарға алынуы, оның жарамдылық мерзімі және мердігердің кепілдік уақыты нақты бекітілуі қажет.

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды.
    2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
автожол Автокөлік жолдары Асфальт жол асфальт төселген ауыл Ауыл халқы БҚО жоба жобалық-сметалық есеп Көлік министрі Көлік министрлігі қаражат Қоғамдық пікір Мұрат Залмуканов Нұрлан Сауранбаев Сапа сапасыз жолдар сарапшы пікірі сын
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
Біздің сараптама

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

12/05/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.