Батыс Қазақстан облысында заңсыз импортқа жол берген мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Дамир Рахымбеков қамауға алынды. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
Тергеу барысында күдіктінің 100 млн теңгеден астам пара алынғаны анықталды.
Тергеу деректеріне сәйкес қылмысқа мемлекеттік кірістер органдарының басшысы мен елорда тұрғыны қатысқан. Олар ақшалай берілетін сыйақы үшін шетел азаматтарына мемлекеттік шекарадан халық тұтынатын тауарларды өткізуге көмектескен.
Күдіктілердің мемлекетке келтірілген залалы 1,9 млрд теңгеге бағаланып отыр.
2025 жылы елде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін жаңа заң жобасы әзірленетіні мәлім болды. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Ұлан Сарқұлов жемқорлар тізімін халыққа жария етуді ұсынды.
фото: ҰҚК видеосынан скриншот

