Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
    • Ақпараттық хабарлама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сейсенбі, 24 қараша
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруға 10 трлн теңгеден астам инвестиция қажет
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 05/09/2024

Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруға 10 трлн теңгеден астам инвестиция қажет

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бұл жөнінде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Вице-премьердің айтуынша, әр өңір бойынша қолданыстағы энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымның жағдайын зерттеу үшін ауқымды талдау жүргізілген.

Аталған талдауға сәйкес:

  • 22 жылумен жабдықтау кәсіпорындарында желілердің тозуы 65%-дан 90%-ға дейін
  • 18 электрмен жабдықтау объектілерінде – 70%-дан 97%-ға дейін
  • сумен жабдықтайтын 13 кәсіпорында – 70%-дан 100%-ға дейін
  • 24 су бұру кәсіпорындарында – 70%-дан 100%-ға дейін жеткен.

Коммуналдық инфрақұрылымның тозуын 50%-ға дейін төмендету үшін келесідей көлемде инвестиция тарту қажет:

— жылумен жабдықтау 2,2 мың шақырым желіні жаңғырту үшін шамамен 2,5 трлн теңге

— электрмен жабдықтау 114,7 мың шақырым желіні жаңғырту үшін 3,2 трлн теңгеден астам

— сумен жабдықтау 5,3 мың шақырым желіні жаңғырту үшін шамамен 900 млрд теңге

— суды бұру 3 мың шақырым желіні жаңғырту үшін 1,3 трлн теңгеден астам қажет.

«Стансалардың тозуын 25%-ға төмендету және белгіленген қуатты 32,6 ГВт-қа дейін арттыру үшін шамамен 2,3 трлн теңге инвестиция керек. Жалпы алдын ала бағалау бойынша Ұлттық жобаны іске асыруға 10 трлн теңгеден астам инвестиция қажет», — дейді вице-премьер.

Қаржыны төрт көзден тарту жоспарланған. Бұл отандық және халықаралық қаржы институттары, екінші деңгейдегі банктер, бюджет пен Ұлттық қордың қаражаты, сондай-ақ бизнес иелері.

Бұл тұрғыда Ұлттық жобаның инвестициялық тартымдылығы үшін тарифтік әдіснамаға қажетті өзгерістер енгізілмек.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали – журналист. 2020-2025 жылдары zhaikpress.kz ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агенттігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Қанат Бозымбаев ҚР Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

27/10/2026
Біздің сараптама

Шымкенттегі инвестфорум: $4,8 млрд-тық құжат экономикаға не береді?

23/10/2026
Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026

Жаңа мақалалар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

Біздің сараптама 27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

жаңалық 27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

жаңалық 24/10/2026

Рубио Орталық Азияға алғаш рет келді: Самарқанда не талқыланды?

Әлем жаңалықтары 24/10/2026

Ресей-Украина соғысынан оралған қазақстандықтарға қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін бе?

жаңалық 23/10/2026
Сайт мұрағаты
Қараша 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Қаз    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

24/10/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.