Астана халықаралық әуежайында сіркіреген жауынға байланысты 16 рейс кешіктіріліп, бір рейс тоқтатылды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін Астанаға жол тартқан 11 рейс кешіктірілген, тағы бір рейс метеожағдайға байланысты мүлде ұшпайтын болған. Қаладан шығатын төрт рейс кешігіп жатыр.
Айта кетейік, биыл Қазақстанда азаматтық авиация саласында техникалық ақаулар мен әуе кемелерінің мәжбүрлі қонуына байланысты бірнеше оқиға тіркелді.
фото: istockphoto.com
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

