2024 жылдың 25 желтоқсанында Маңғыстау облысындағы Түпқараған ауданында Бакудан Грозныйға жол тартқан әзірбайжандық Embraer 190 ұшағы құлады. Ұшақ бортында 67 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.
Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 11:30-да құлаған. Апат ауданы 4 200 шаршы метрді құрады.
Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, Embraer-190 әуе кемесі туралы алғашқы сигнал сағат 10:43-те Ақтөбе аудандық диспетчерлік орталығына Ростов аймағының диспетчерінен түскен. Сол сәтте 8243 рейсі Грозныйдан қосалқы аэродромға бағыт алған.
Жолаушылар ұшағында 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған.Қайғылы оқиға кезінде 38 адам көз жұмды.
Ұшақ апатынан кейін президент тапсырмасымен мемлекеттік комиссия құрылды. Комиссияның жетекшісі ретінде вице-премьер Қанат Бозымбаев тағайындалды.
25 желтоқсанда Әзербайжанның Report сайты ұшақ құстарға соғылғанын хабарлады. Сондай-ақ Embraer 190-ға оқ тиген деген нұсқа болды.
Тергеу кезінде Көлік министрлігі Әзербайжан Республикасы Үкіметімен бірге жұмыс істеді.Ұшақтың қара жәшігіндегі жазбаларды тексеру үшін Бразилияның авиациялық орталығы (CENIPA) мен Embraer 190 компаниясы өкілдері жиналды. Дәлелдерді жинақтауға Әзербайжан, Қазақстан, Ресейден үш тергеуші қатысты.
Апаттан кейін Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев ұшаққа Ресей қорғаныс жүйесі соққы бергені туралы бірнеше мәлімдеме жасады.
«Ресейдің мемлекеттік органдары бұл оқиғаны жасырып, қисынсыз нұсқаларға сүйенуі бізді таңғалдырды әрі өкінішті. «Қара жәшіктерді» ашу процесі басталды және біздің талабымызбен бұл жұмыс Бразилияда жүргізіліп жатыр. Ұшақ радиоэлектрондық құралдар арқылы басқарудан шығарылғаны анық. Бірақ не себепті ұшақ Ақтауға бағытталды? Бұл шешімді жергілікті диспетчерлер қабылдады ма, әлде ұшқыштар Ресей әуе кеңістігінде қону мүмкін болмайтынын түсініп, өздері таңдады ма – бұл туралы ақпарат әлі жоқ. Барлық мәліметтер «қара жәшіктер» ашылғаннан кейін белгілі болады», – деді Президент бір сөзінде.
Euronews агенттігі Embraer-190-ның жанында Грозный әуе кеңістігіндегі дрондар атқан оқ пеноның бөлшектері жарылып, сынықтары экипаж мүшелері мен жолаушыларға тигенін жазды.
9 қазанда Душанбеде Әзербайжан президенті Илхам Әлиев пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті. Путин келіссөз барысында Әзербайжан ұшағын ресейлік әуе қорғаныс жүйесі қателікпен атып түсіргенін растады.
Ресей басшысы Әзербайжанға өтемақы төленіп, кінәлі әскери қызметкерлердің әрекеттеріне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді. Оның сөзінше, Ресейге тиесілі екі зымыранның сынықтары ұшаққа тиген.
Ресей ресми түрде кінәсін мойындағанымен, өтемақы төлегені туралы ақпарат жоқ.
Айта кетейік, 22 қыркүйекте Ресейде ТМД елдерінің саммиті өтті. Аталған кездесуге Әзербайжан президенті де шақырылған, алайда ол саммитке қатысудан бас тартты.
фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

