Қазақстанда 286 мың азаматтың жеке деректері жария болған. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді.
Деректер арасында қазақстандық спортшылар мен жаттықтырушылардың аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі және телефон нөмірлері бар.
Қазір азаматтардың ақпараттық қауіпсіздігіне байланысты тексеріс жүргізіліп жатыр.
Шілдеде Абай облысының Бородулиха ауданындағы үш мектептің мемлекеттік сатып алу порталында 200-ге жуық қызметкерінің ЖСН-дары мен басқа да жеке деректерін ашық жарияланғаны белгілі болды.
Қазақстандықтар өз дербес деректерінің құпиялығын eGov Mobile қосымшасы арқылы анықтай алады.
фото: freepik.com

