2026 жылы зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалануға қойылатын ең аз жеткіліктілік шегі 10%-ға көтеріледі. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мәлімдеді.
Жеткіліктілік шегі азаматтың жасына байланысты 3,72 млн теңгеден 10,7 млн теңгеге дейін бекітіледі. Есептеуде 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда көрсетілген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер қолданылған. Қазір ең төменгі жалақы 85 000 теңгені құрайды. Ең төменгі зейнетақы 69 049 теңге болса, ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.

Бұған дейін Отбасы банк бастап офтальмологиялық қызметтерді зейнетақы төлемдері есебінен қаржыландыруға өтініш қабылдауды тоқтататынын жариялаған. Зейнетақы қорынан алынған ақшаны стоматологиялық қызметтерге жұмсауға да шектеу қойылды.
фото: freepik.com

