Батыс Қазақстан облысындағы өзендер су сапасы бойынша «орташа ластанған» деп танылды. Бұл туралы Орталық Азия Климаттық қоры хабарлады.
Зерттеу кезінде мамандар 60-қа жуық физикалық және химиялық көрсеткішті өлшеген. Жайық, Шаған, Деркөл, Ілек, Шыңғырлау, Сарыөзен және Қараөзен өзендерінде фосфаттар, жалпы темір, магний және оттектің биологиялық қажеттілігі сынды көрсеткіштер белгіленген стандарттан артық.
Тексеріс барысында Жайық өзенінен мұнай өнімдері анықталды. Сарапшылардың айтуынша, су қоймаларының ластануы табиғи-климаттық және антропогендік факторлардың, бұрынғы өндірістік қалдықтардың, сондай-ақ әртүрлі кәсіпорындардың сарқынды суларын төгуінің салдарынан туындап отыр.
Аймақтағы өзендердің сапасы үшінші санатқа жатады. Бұл су тек рекреация, суару және өндірістік мақсаттарда қолдануға жарамды екенін білдіреді.
фото: freepik.com

