Орал қаласының халықаралық әуежайында авиакеросиннің жоғары бағасына қатысты монополиялық тексеріс басталды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің БҚО бойынша басшысы Сағындық Иргалиев хабарлады.
Тергеу нәтижелері әлі белгісіз, бірақ монополиялық заңбұзушылықтар расталса, агенттік тиісті шара қолданады.
М. Мәметова атындағы әуежайдың иелерінің бірі – «Орал Аэропорт Холдингі» ЖШС. Бұған дейін әуежай бірнеше рет сатылып, әртүрлі компаниялардың иелігінде болған.
Қазіргі құрылым бойынша қазақстандық кәсіпкер Дәулетхан Қилыбаев 51%, ресейлік «Ретранс» АҚ 49%, ал қазақстандық «Орал Менеджмент» ЖШС 2% үлеске ие.
Айта кетейік, қараша айының басында Qazaq Air компаниясы жүзеге асыратын Атырау-Орал-Атырау бағытындағы рейстер тоқтатылды. Әуе компаниясының дерегінше, рейстердің тоқтауына бұл бағыттың қаржылай тиімсіздігі себеп болған. Қолданыстағы тарифтер тіпті операциялық шығындарды жабуға жеткіліксіз.

Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау