Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»БҚО экономикасының минусы мен плюсі
Дария Ғұмар Шолу 19/11/2025

БҚО экономикасының минусы мен плюсі

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Статистика Батыс Қазақстандағы өнеркәсіп өсімін, жаңа мектептердің саны мен жүздеген шақырым жөнделген жолдарды көрсетсе де, өңір тұрғындарының бүгіні қағаздағы есеппен сәйкес келмей жатады. Sarapshy.info облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюповтың мәслихат алдындағы есебін батысқазақстандықтардың шынайы өмірімен салыстырып көрді.

Инвестиция ағыны  

Облыс экономикасына 566,6 млрд теңге инвестиция тартылды, оның 409,2 млрд теңгесі жеке инвестициялардан түскен.

Ал 2025-2030 жылдары жалпы құны 4,4 трлн теңгеге 73 жобаны іске қосу жоспарланып отыр, деп мәлімдеді әкім орынбасары.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы биылғы инвестиция көрсеткіші бойынша «қызыл аймақта». Өткен жылмен салыстырғанда өңірге салынған инвестиция 30%-ға азайған.

Қазан айында өткен инвестиция штабының отырысында БҚО шетелдік инвестициялар көлемі бойынша Астана мен Алматыдан кейінгі үшінші орында тұрғаны белгілі болды. Бұл туралы облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының төрағасы Нұржан Өтепбаев мәлімдеді.

Өнеркәсіп саласы

2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша облыстағы өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 3,1 трлн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,6%-ға артты.

Соның ішінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 303,5 млрд теңгеге жетіп, 16,9% өсім көрсетті. Өңдеу саласының өнеркәсіп өніміндегі үлесі 2024 жылы 8,3% болса, 2025 жылы 9,8%-ды құрады.

Агроөнеркәсіп секторы

Биыл агроөнеркәсіп саласына 52,2 млрд теңгеге жуық қолдау көрсетілді. Оның ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдарына 21,4 млрд теңге субсидия және 30,8 млрд теңгеден астам жеңілдетілген несие берілді.

Бүгінге дейін ауыл шаруашылығы саласында құны 9,2 млрд теңге болатын сегіз жоба іске қосылды.

Облыста 640 мың гектар егіс алқаптары бар. Қазір 365 мың тонна дәнді дақыл, 104 мың тонна майлы дақыл өнімдері жиналды. Сонымен қатар, 44 мың тонна картоп, 27 мың тонна көкөніс және 21,3 мың тонна бақша өнімдері алынған.

Су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша суармалы жер көлемі биыл 12 441 гектарға жетіп, оның 94%-ында су үнемдеу технологиялары қолданылып жатыр. Облыста 50 гидротехникалық құрылым бар, оның 25-і жөндеуді қажет етеді.

Көлік және логистика

Биыл «Сырым» бекетін реконструкциялау қолға алынды.  

Оқыңыз: Ресейлік кәсіпорын  «Сырым» пункті арқылы 20 тонна құс етін заңсыз өткізбек болғаны анықталды.

2023-2024 жылдары облыста 172 млрд теңге бөлініп, 1 000 шақырымнан астам жол жөндеуден өтті.

Облыста Переметное-Поливное-Қаражар бағытындағы жол жөндеу жұмыстары үш айдан бері тоқтап тұр. Жөндеуге жауапты компания — «Ануш Құрылыс». «Ануш Құрылыстың» уақтылы аяқталмаған тағы бірнеше жобасы бар. Биыл шілдеде аталмыш мердігер компанияға Чапай-Жаңақала бағытындағы жол жөндеу жұмысын дер кезінде аяқтамағаны үшін айыппұл салынды.

«Ануш Құрылыс» БҚО-дағы жол жөндеу жұмысы бойынша 2025 жылдың басынан бері жалпы құны 8,3 млрд теңгені құрайтын 11 келісімшарт жасасқан.

Коммуналдық қызмет сапасы сын көтере ме?

2023-2024 жылдары ұзақ уақыт күрделі жөндеуден өтпеген жылумен жабдықтау нысандарына 5,1 млрд теңге бөлініп, төрт жоба іске асырылды. Қазір №2 жылу магистральды құбыры жөнделіп жатыр.

Айта кетейік, Орал қаласындағы магистралдық жылу желілерінің ұзындығы – 249 шақырым. Олардың көпшілігі 1970-1980 жылдары салынған. 50 жылдан астам уақыт қолданылып жатқан жылу құбырларын жөндеу биыл қолға алынды.

Үй құрылысына 2023 жылдан бері 44 млрд теңге бөлініп, 131 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 1 449 пәтер халық игілігіне берілді. Жаңа пәтерлердің кілті табысталғанымен, өңірде қабырғалары жарылып, шатыры құлап жатқан үйлерде тұратындардың саны аз емес.

Оқыңыз: «Сырты бүтін, іші түтін». Оралдағы жатақхананың жағдайы оңалмай тұр»

Шағын және орта бизнестегі өсім

Облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 59 мың бірлікті құрап, 1,7%-ға өсті. 2023-2025 жылдары осы салаға 7 млрд теңге бөлініп, 2 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетілді.

Шағын және орта кәсіпкерлікте 122 мың адам жұмыспен қамтылған.

Білім ордаларының жағдайы

2023 жылдан бері өңірде 27 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Естеріңізге сала кетейік, қазір қала мектептеріндегі қауіпсіздік – халықты алаңдатып отырған мәселе.

Таяуда Орал қаласындағы №2 мектептің жанында бір жылдан бері аялдама орнатылмай келгені анықталды. Тұрғындардың айтуынша, жаңбырлы күндері аялдама маңы балшыққа батады, ал автобустар бұл жерге тоқтамай өтіп кетеді.

фото: freepik.com

 

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2025 Ауыл шаруашылығы БҚО БҚО экономикасы Инвестиция Мектептер Орал қаласы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026
жаңалық

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

31/03/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.