АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен сауда қатынасын жалғастырған мемлекеттерге қатысты жаңа санкциялар енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол 16 қарашада Флоридада журналистерге берген жауабында айтты.
Трамптың сөзінше, АҚШ Конгресіндегі Республикалық партия өкілдері Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін де Мәскеумен сауда жүргізіп отырған кез келген елге санкция салуға мүмкіндік беретін заң жобасын әзірлеп жатыр.
«Мен өз партиямның бұл бағытта істеп жатқан жұмысынан хабардармын. Республикалықтар Ресеймен еншілес кез келген елге санкция салатын өте қуатты заң жобасын дайындап жатыр», — деді ол.
Айта кетейік, жақында ресейлік «Лукойлдың» үлесін сатып алуды жоспарлаған швейцариялық Gunvor компаниясын АҚШ «Кремльдің марионеткасы» деп айыптады.
фото: freepik.com

