Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Ішкі істер министрі арақ-шарап саудасын шектеуді ұсынды
Нұртай Текебаев sarapshy.info 13/10/2025

Ішкі істер министрі арақ-шарап саудасын шектеуді ұсынды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов алкогольдік ішімдіктерді тек шектеулі орындарда сатуды ұсынды. Бұл мәселе ведомствоаралық комиссия отырысында талқыланған.

Министр арақ-шарапты алкомаркеттерде ғана сату керек деп есептейді. Егер бұл ұсыныс қабылданса, азық-түлік дүкендердерде және басқа ірі сауда желілерінде ішімдіктер сөреден алынып тасталынады.

Сәденов спиртті сусындардың онлайн саудасына шектеу қоюды  құптайды. Оған қоса лицензия беру талабын қатаңдатқан жөн деді.

Министр кәсіпкерлердің алкогольдік өнімдерді сатқан кезде адамдардың жас ерекшелігін және уақытын ескере бермейтінін алға тартты. Бір жылда адамдар мас күйінде жасайтын құқықбұзушылық саны 10 000-ға жетіп жығылады. Арақ-шараппен көңіл көтеретін орындарда 1400 қылмыс тіркелді. Үш қылмыстық оқиға адам өлімімен аяқталды.

Дегенмен Сәденов бұл ұсынысқа бірқатар мемлекеттік органдар қарсы екенін айтты.

Орал қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Нұрлан Сәдір де министр ұсынысы тиімсіз деп есептейді.

«Өз басым қоғамның ішімдікке әуес болуын құптамаймын. Бірақ бұлай шектеу қоюдың  қаншалықты пайдасы бар екенін зерттеу керек. Ішімдік тұтынатын адам бәрібір арақ-шарапты іздеп табады. Есесіне заңсыз сауда айналымы ұлғаюы мүмкін. Құрамы белгісіз спирттік сусындар сатыла бастайды. Одан адамдар уланып, ауырып қалуы мүмкін. Содан кейін қымбат дәрі-дәрмек алады. Меніңше, балама  жолдарды іздеу керек. Мысалы, қымыз өндірісін дамыту қажет. Қазіргі балқымыздардың құрамы күмәнді. Одан да табиғи қымыздар дәмханаларда жиірек сатылсын. Бағасы арзан болса, нарыққа өтеді. Адамдардың едәуір бөлігі арақ-шараптан бас тартары анық», – дейді Нұрлан Сәдір.

Оқыңыз:

БҚО-да «Yandex», «Wolt», «InDrive» курьерлеріне түнде ішімдік тасымалдауға тыйым салынды

Экономист Ғазиз Әбішев азық-түлік нарығында алкогольдік өнімдер бағасын көтерсе, инфляция күшейетіні туралы жазды. Сарапшы пікірінше, қазірдің өзінде дүкендер ішімдік есебінен біраз табыс тауып отыр. Егер арақ саудасына мүлдем тыйым салынса, сауда орындары мүлдем жабылады немесе азық-түлік бірден қымбаттайды.

«Бизнесін сақтап қалу үшін дүкендер жасырын сауданы күшейтеді. Ал алкомаркеттердің айы оңынан туады. Барлық  қалада кәсібін дөңгелетеді. Капитал алкобарондардың қолына шоғырланады», – дейді сарапшы.

фото: pixabay 

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды.
    2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
алкогольдік ішімдіктер Ішкі істер министрлігі сауда
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

Қазақстанда бір жылда жол апатынан 2500 адам қаза тапты

19/03/2026
жаңалық

Ақтөбеде Telegram арқылы есірткі сатқан ұйымдасқан топ сотталды

17/03/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.