Ақтөбе облысында интернет арқылы есірткі сатқан 6 адам 15-17 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Тергеу дерегіне сай, сауда Telegram мессенджері арқылы жүрген. Төлем дропперлердің шотына түсіп тұрған.
Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында 6 адам болған. Қылмыскерлер Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында және Астана қаласында ұсталған. Заңсыз айналымнан 10 кг астам есірткі тәркіленді. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың басынан бері елде 20 тонна есірткі тәркіленді
Сонымен қатар облыста есірткі дүкендерді жарнамалайтын 20-дан астам граффити жойылған. Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Ішкі істер министрлігінің дерегінше, Қазақстанда есірткіге тәуелді 17 мыңнан астам адам бар.

