Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Қазақстанда медианалық жалақы – 317 000 теңге. Нақты статистика осы ма?
Нұртай Текебаев Экономика 09/10/2025

Қазақстанда медианалық жалақы – 317 000 теңге. Нақты статистика осы ма?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2025 жылдың жартыжылдығы бойынша Қазақстанда медианалық жалақы мөлшері – 317 512 теңге деп есептелінген.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша кәсіпорындарда жұмыс істейтін 3 338 300 адамның бір айдағы жалақы көрсеткіштері есепке алынған.

«2025 жылғы зерттеу нәтижесінде жұмысшылардың медианалық жалақысы 317 512 теңгені құрады. Өткен жылы медиана жалақысы, яғни жалақы мөлшерінің тең жартысынан жоғары және керісінше төмен болатын орталық көрсеткіш 285 677 теңге болған. Осылайша, медиана жалақысының мөлшері бір жыл ішінде 11,1% өскен», – деп хабарлады бюро.

Ресми ақпарат бойынша орта білімді қызметкер 290 000 теңге, жоғары білімді жұмысшы 500 000 теңгеге жуық орта жалақы алады.

Медианалық жалақы — бұл барлық қызметкердің жалақысын ең азынан көбіне дейін есептеген кезде дәл ортасында тұрған жалақы мөлшері. Яғни қызметкерлердің жартысы осы қаражаттан аз, ал екінші жартысы одан көп табыс табады. Бұл көрсеткіш орташа жалақыға қарағанда шынайырақ, себебі өте жоғары немесе өте төмен жалақылар оған әсер етпейді.

Сарапшы Нұрсұлтан Ерболатұлы медианалық жалақы есептелгенде халық табысы толық ескерілмейтінін айтты.

«Елімізде медиандық жалақыны есептеу әдістемесі халықаралық еңбек ұйымы бекіткен әдістеме бойынша жүргізіледі. Қазақстан бұрын тек орташа жалақы бойынша тоқсандық статистика жариялап келген. 2023 жылдан бастап медиандық және модальдық тоқсандық есептер шыға бастады.  Орташа және медианалық жалақы есептеу кезінде еңбекке жарамды халықтың барлығын есептемейді. Тек қызметкерлер саны бойынша көрсеткішті алға тартады. Бұл дегеніміз жеке кәсіпкер (ИП), келісім шарт бойынша жұмыс істейтіндер сияқты миллиондаған адам есепке алынбайды деген сөз. Әдістеме сондай.  Қазіргі әдістемеде тек 3,3 млн жұмысшы есепке кіреді. Нақты айтқанда, жалақыға қатысты барлық статистика тек 3,3 млн адаммен есептелінеді», — деп түсіндірді Нұрсұлтан Ерболатұлы.

Экономист инфляция табыс өсімін жоққа шығарып жатқанын тілге тиек етті.

 «Егер еңбекке қабілетті халықтың барлығын алып қарасақ, орташа жалақы елімізде бұдан әлдеқайда төмен. Сонымен қатар оның өсімі де көңілге толмайды. Жалақының нақты өсімі өте нашар, себебі табыс өсімі инфляциядан ұтылуда», – деді қаржыгер.

Жаңа конвенциядан не күтеміз?

9 қазан күні сенат «Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төмен жалақыны белгілеу туралы конвенцияны (131-конвенция) ратификациялау туралы» заңды мақұлдады.

Оқыңыз:

Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеруді талап ететін петиция жарияланды

Сенат отырысында Мәулен Әшімбаев нақты жағдайды есепке алу керек екенін айтты.

«Әдістемеңізде медианалық жалақы мен еңбек өнімділігіне баса назар аудардыңыз. Бірақ әңгіме нақты өзгеріс жасауда. Өзіңіздің қолыңызбан түзетілетін құрғақ макроэкномикалық көрсеткішітерді ысырып қойып, адамдардың тұтыну қабілеті мен өмірлік стандартын есепке алу керек. Сонда ғана конвенцияның мәнін түсінеміз», – деп ескертті Еңбек министріне сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Асқарбек Ертаев жаңа конвенция бойынша ең төменгі жалақы 2030 жылға қарай медианалық жалақы деңгейінен 50% жоғары болатынын хабарлады. Сенат кулуарында Ертаев қазіргі медианалық жалақы бір айда қазақстандықтардың өмір сүруіне жеткілікті деп есептейді.

Экономист Руслан Сұлтанов жалақы өсімі ел экономикасына айтарлық әсер етпейді деп санайды.

«Табыс өсімімен бірге шығын да артты. Бір адамға шаққанда орташа шығын көлемі 311 192 теңгеге, тұтынуға кеткен қаражат 315 252 теңгеге жетті. Орта есеппен табыс көлемінің 98,7%-ы тауар мен қызмет сатып алуға жұмсалады. Ал жинаққа немесе инвестицияға айтарлықтай ештеңе қалмайды», — деп жазды Руслан Сұлтанов.

Айта кетейік, 2025 жылдың алғашқы тоқсанындағы көрсеткіш бойынша Батыс Қазақстан облысы – жалақы өсімі ең төмен өңірлердің бірі.

Оқыңыз:

Қазақстанда халық табысының 98,7%-ын тауар алуға жұмсайды

фото: pexels

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды. 2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Басты ақпарат Ел экономикасы ең төменгі жалақы Жалақы Жалақы көлемі медианалық жалақы Орташа жалақы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Өте өзекті

Орал дүкендерінде тұз тапшы болып жатыр: Ресей экспортты тоқтатты

28/11/2025
жаңалық

Қазақстанда киік мүйізі Data Matrix кодымен таңбаланады

27/11/2025
Шолу

Қазақстан экономикасында қандай өзгеріс бар?

27/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.