Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Сарапшы пікірі»«Қазақстанда халық табысының 98,7%-ын тауар алуға жұмсайды» – экономист
Гүлмира Сарсенғали Сарапшы пікірі 24/09/2025

«Қазақстанда халық табысының 98,7%-ын тауар алуға жұмсайды» – экономист

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда ресми дерек бойынша 2025 жылдың II тоқсанында жан басына шаққандағы ақшалай табыс 359 638 теңгеге жетіп, бір жылда 8,9%-ға артты. Алайда қымбатшылық үдеген кезде мұндай номиналды өсім халықтың көбірек тұтынуына емес, тек бұрынғы тауарлар мен қызметтер үшін көбірек төлеуіне әкеліп отыр.

Экономист Руслан Сұлтанов кейінгі жылдары халық табысы өсіп жатқандай көрінгенімен, бұл көрсеткіш шынайы өмір сапасына әсер етпей отырғаны туралы жазды.

«Табыс өсімімен бірге шығын да артты. Бір адамға шаққанда орташа шығын көлемі 311 192 теңгеге, тұтынуға кеткен қаражат 315 252 теңгеге жетті. Орта есеппен табыс көлемінің 98,7%-ы тауар мен қызмет сатып алуға жұмсалады. Ал жинаққа немесе инвестицияға айтарлықтай ештеңе қалмайды. Алматы, Маңғыстау және Шымкентте бұл көрсеткіш 100%-ға жетіп отыр. Аталған өңірлерде халық толығымен ай сайын төленетін жалақыға тәуелді», – дейді маман.

Оның сөзінше, табысты есептеуде халықтың әл-ауқаты емес, тек сандық өсім негізге алынады. Көпшілік үшін басты табыс көзі – жұмыс істеп нәпақа табу, оның үлесі – 75%. Ал соның 66,8%-ында – жалдамалы жұмыс күнкөріс көзіне айналды, 8,2%-ы – өзін-өзі жұмыспен қамтылған деп есептелінген. Бірақ бірқатар өңірде әлеуметтік төлемдерге тәуелділік жоғары.

Түркістан, Жамбыл, Абай және Ұлытау облыстарында әлеуметтік трансферттердің үлесі 20%-дан асады. Бұл өңірлерде табыстың едәуір бөлігі еңбекақы емес, мемлекет тарапынан төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік көмек арқылы қалыптасып отыр. Мұндай модель тұрақсыз. Яғни трансферт қысқарса, табыс бірден құлдырайды.

Статистика не дейді?

Шығын есебі өмір сапасының айтарлықтай өзгермегенін көрсетеді. Азық-түлікке орта есеппен отбасылық бюджеттің 52,5%-ы жұмсалады:

  • ең көбі – Түркістанда (62,7%) және Жамбылда (61,9%),
  • ең азы – Алматыда (36,8%) және Астанада (38,5%).

Тауарларға шығын орта есеппен – 20,3%:

  • ең жоғары – Алматыда (29,4%) және Астанада (27,8%),
  • ең төмен – Түркістанда (11,3%) және Жамбылда (12,1%).

Қызметтерге шығын орта есеппен – 18,5%:

  • ең жоғары – Алматыда (27,1%) және Астанада (25,3%),
  • ең төмен – Түркістанда (7,8%) және Жамбылда (8,2%).

Руслан Сұлтановтың жазуынша, кей аймақтарда қарыз бен несиені өтеуге кететін шығын жоғары. Мысалы, Ұлытау облысында 12%-дан астам, ал Қарағандыда шамамен – 10%. Бұл борыш жүктемесінің ауыр екенін көрсетеді әрі пайыздық мөлшерлемелер өскенде немесе табыс азайғанда отбасылардың жағдайы күрт нашарлайды.

Инфляция халықты қажытады

«Мұның бәрі негізгі мәселені айқын көрсетеді: табыс өсіп жатқанымен, сатып алу қабілеті артпай отыр. Шынайы табыс (инфляцияны алып тастағанда) әлдеқайда баяу өсіп жатыр. Кей өңірлерде мүлде тоқырап қалған. Демек халық бұрынғыдай тауар мен қызметтің сол көлемін ғана тұтына алады, тек қымбатырақ бағамен. Бұл жағдай сандық өсімнің шегіне жеткенін көрсетеді. Егер басты мақсат табыс пен шығын көлемін арттыру болып қала берсе, ал олардың сапасы мен құрылымы өзгермесе ел инфляциялық тұйыққа түсіп қалады», – дейді Руслан Сұлтанов.

Экономист тығырықтан шығу үшін Қазақстан жаңа тәсілдерге көшу қажет дейді:

  • Инфляцияны төмендету қажет. Сонда жалақы өсімі баға өсіміне жұтылмайды 
  • Халықтың өмір сапасын тікелей арттыратын білім, денсаулық сақтау және инфрақұрылым сапасын көтеру керек
  • Қаржылық сауаттылықты дамытып, халықтың тек «айлықтан айлыққа» өмір сүрмей, жинақ құруына мүмкіндік беру қажет 

«Табыс өсімі маңызды, бірақ ол мақсат емес. Нағыз мақсат – халықтың әл-ауқатын арттыру. Ол үшін баға тұрақты және төмен болуы тиіс. Әйтпесе табыстың кез келген өсімі тек статистикада ғана көрініп, адамдардың өмірін жақсартпайды», – дейді Р. Сұлтанов.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысы тұрғындары ай сайынғы табысының 53,8%-ын азық-түлікке жұмсайтынын жазған едік. Табыстың қалған 20,8%-ы киім-кешек, техника және тұрмыстық химия секілді азық-түлікке жатпайтын тауарларға, 17,6%-ы ақылы қызметтерге кетеді. Қазақстанның өзге өңірлеріндегі жағдай БҚО-ға ұқсас. Мәселен, Жетісу және Ұлытау облыстарының тұрғындары айлық табысының шамамен 60%-ын азық-түлікке жояды.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы 2025 жылдың алғашқы үш айында жалақы өсімі өте төмен аймақтардың көшін бастады. Есепке сәйкес, өңірде жалақы индексі 5,2%-ға төмендеген. Бұл тұрғындардың сатып алу қабілетінің айтарлықтай әлсірегенін білдіреді.

Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеруді талап ететін петиция жарияланды. 2025 жылы елімізде ең төменгі жалақы мөлшерлемесі 85 000 теңге болып бекітілді. Бұл көрсеткіш 2024 жылдан бері өзгеріссіз қалды.

Фото: Pexels.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2025 Айлықтан айлыққа баға Баға өсімі Екінші ақпарат Инфляция Қаржылық сауаттылық ҚР Руслан Сұлтанов сарапшы инфо сарапшы пікірі СІМ статистика табыс тауар Халық табысы Халықтың әл-ауқаты Халықтың табысы Экономист
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026
жаңалық

БҚО-да еріген қар суы жолды басты

20/03/2026
жаңалық

Қазақстанда бір жылда жол апатынан 2500 адам қаза тапты

19/03/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.