НАТО Балтық елдерінің әуе кеңістігін бақылау миссиясын күшейту үшін жаңа қорғаныс операциясын бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы НАТО Әскери комитетінің төрағасы Джузеппе Каво Драгоне хабарлады.
Оның айтуынша, ресейлік дрондар мен әскери ұшақтардың бірнеше рет НАТО құрамындағы елдердің әуе шекарасын бұзуына байланысты альянс қосымша шаралар қабылдауды қарастырып жатыр.
Ресейдің әуе шабуылы
10 қыркүйекке қараған түні Польшаның әуе кеңістігінде ұшып жүрген 19-ға жуық дрон жерге атып түсірілді. Бірнеше күннен кейін ресейлік дрондар Румыния шекарасын кесіп өтті.
Польша билігі кейінірек Вырыки-Воля ауылындағы тұрғын дронның кесірінен зақымданғанын хабарлады.
19 қыркүйекте Эстония әуе кеңістігіне үш ресейлік МиГ-31 ұшқызсыз ұшу аппараты рұқсатсыз кірді. Дрондар Дания мен Германияның солтүстігіндегі Шлезвиг-Гольштейн аумағында датіркелген.
ЕО елдеріндегі құпия нысандарды бақылау мақсатында дрондар жіберу – жаңа құбылыс емес. РФ Украинаға толық масштабты басқыншылық жасағаннан бері мұндай жағдайлар жиіледі. Мәселен, 2025 жылдың алғашқы 3 айында Германияда әскери және стратегиялық маңызы бар нысандардың үстінен 536 дрон ұшырылған, деп хабарлайды Der Spiegel.
Мәскеудің әрекеті – арандату ма?
НАТО Мәскеу бұл әрекетке қасақана барды деп болжап отыр. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров бұл айыптауды жоққа шығарды.
НАТО-ның жаңа жоспарына барлау және бақылау шараларын күшейту, сондай-ақ бір әуе шабуылына қарсы қорғаныс фрегатын орналастыру кіреді.
26–27 қыркүйекте Ригада өткен НАТО Әскери комитетінің отырысына Еуропадағы НАТО Біріккен күштерінің бас қолбасшысы Алексус Гринкевич пен трансформация жөніндегі қолбасшы Пьер Вандье қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың басынан Қазақстанның батыс бөлігінің әуе кеңістігінде дрондар көптеп табыла бастады. Наурыз айында БҚО-да аумағында 4 ұшқышсыз ұшатын аппараттар құлағаны анықталды.
фото: freepik.com

