Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-на 1,42 млрд теңге айыппұл салынады
Гүлмира Сарсенғали жаңалық 22/09/2025

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-на 1,42 млрд теңге айыппұл салынады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-на 1,42 млрд теңге айыппұл салынады. Бұл жөнінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-на бәсекелестікті қорғау туралы заңнаманы бұзу белгілеріне қатысты тергеп-тексеру аяқталды.

Тексеріс жүргізуге ҚР Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының, Қырғыз Республикасы Экспедиторлар қауымдастығының және бірқатар көлік-экспедиторлық компанияларының өтініштері негіз болған.

Агенттік дерегінше, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жүк тасымалдау жоспарларын келісу барысында аффилиирленген компанияларға – «KTZ Express» АҚ және «КедентрансСервис» АҚ-на артықшылық беріп, жеке экспедиторлық ұйымдардың қызметіне кедергілер жасағаны анықталды.

«Аталған әрекеттер «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС тарапынан монополиялық жағдайды теріс пайдалану ретінде бағаланды. Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 22 тамыздағы шешімімен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мемлекет кірісіне 1,42 млрд теңге айыппұл төлеуге міндеттелді», – делінген хабарламада.

2025 жылғы 15 қыркүйектегі Астана қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы бірінші сатыдағы сотта «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті тергеу қорытындыларын заңсыз деп тану туралы талабын қарау жалғасып жатқанын хабарлады.

Компания дерегінше, тергеу заңдылығы туралы мәселе ашық күйінде қалып отыр. Іс бойынша түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ.

Еске салайық, осыған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстандағы 11 әуежайға қатысты тергеп-тексеру бастаған еді. Себебі әуе керосиннің көтерме және бөлшек сауда нарығына жүргізген талдау нәтижесінде отын құнының негізсіз өсуі анықталды.

Сондай-ақ агенттік «G Motors Uralsk» шартынан заңбұзушылықты анықтады. Агенттік мәліметі бойынша Geely ресми дистрибьюторының заңсыз әрекеті жөнінде тұтынушылар шағымданған.

Ал Қарағанды қаласында Jetour және Geely компаниялары қызметінде заңбұзушылық анықталды. Тұтынушылар ресми дилерлердің талабы заңсыз екенін айтып, департаментке шағымданған.

Фото: ҚТЖ

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС 2025 Астана қалалық соты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.