2024 жылы Қарашығанақта 11 млн тоннадан астам тұрақты конденсат өндірілді. Қарашығанақ жобасы бойынша ӨБТК шарттарына сәйкес, Қазақстан Республикасы пайдалы мұнайдан (нақты шығындар өтелгеннен кейін) кемінде 20% және ең көп дегенде 80% үлеске үміткер. Бұл үлес әділдік индексінің триггеріне байланысты. Республика үлесін ақша түрінде тікелей оператор КПО Ұлттық қорға аударады (2024 жылы 1,1 трлн теңге немесе 2,4 млрд АҚШ доллары).
Акционерлер өз үлесі бойынша қосымша 30-35% мөлшерінде табыс салығын төлейді. 2024 жылы Қарашығанақ акционерлерінің КТС төлемдері 800 млн АҚШ доллары болды.
Осылайша, 2024 жылы Қазақстан Республикасы жобадан 3,2 млрд АҚШ доллары тікелей төлем алды, ал акционерлердің (оның ішінде ҚМГ) жалпы табысы 1,4 млрд АҚШ доллары болды. Пропорция 70-ке 30 болып, Қазақстан пайдасына шешілді.
Алайда, әркез бұлай болған жоқ. Акционерлер өздерінің барлық капиталдық шығындарын толық қайтарып алған кезең 2009 жылға сәйкес келеді (ол кезде пропорция шамамен 70-ке 30 акционерлердің пайдасына болған).
Мұндай табыспен акционерлердің 4 млрд АҚШ доллары тұратын газ өңдеу зауытын салғысы келуі екіталай.
Фото: Kmg.kz

