Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
    • Ақпараттық хабарлама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 12 қараша
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Перизат Қайраттың мүлкі аукционға шығарылады
Гүлмира Сарсенғали жаңалық 04/09/2025

Перизат Қайраттың мүлкі аукционға шығарылады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

«Biz birgemiz» қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайраттың мүлкі аукционға шығарылады. Бұл жөнінде ақпарат құралдары жазды.

Сот үкіміне сәйкес, сот орындаушылары оның мүлкін аукционға шығарып сатады. Бұл қаражат есебінен зардап шегушілердің шығыны өтеледі.

Белгілі болғаны, Перизат Қайрат қор есепшотына түскен қаражатты өзі ғана игерген. Аталған қор қаражатын талан-таражға салған басқа тұлғалар анықталмаған.

Еске салсақ, осыған дейін Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты сот үкімі шықты.

Сот оны ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы және 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу және 10 жыл бойы қайырымдылық ісімен шұғылдануға тыйым салу жазасын кесті. Сонымен қатар оған берілген «Шапағат» мемлекеттік наградасының күші жойылды. Анасы Ғайни Алашбаева да аталмыш баптар бойынша кінәлі деп танылып, жеті жылға сотталды.

Сот үкімі бойынша айыпталушылардан 50 жәбірленуші 1,5 млрд теңге өндіреді.

2024 жылдың қарашасынан бастап «Biz birgemiz» қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүрді.

Фото: Instagram/01pk

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали – журналист. 2020-2025 жылдары zhaikpress.kz ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агенттігінің редакторы.

    Барлығын қарау
«Біз біргеміз» қайырымдылық қоры 2025 аукцион Ғайни Алашбаева Қор қаражаты ҚР Перизат Қайрат Сот
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

27/10/2026
жаңалық

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

24/10/2026
жаңалық

Ресей-Украина соғысынан оралған қазақстандықтарға қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін бе?

23/10/2026

Жаңа мақалалар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

Біздің сараптама 27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

жаңалық 27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

жаңалық 24/10/2026

Рубио Орталық Азияға алғаш рет келді: Самарқанда не талқыланды?

Әлем жаңалықтары 24/10/2026

Ресей-Украина соғысынан оралған қазақстандықтарға қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін бе?

жаңалық 23/10/2026
Сайт мұрағаты
Қараша 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Қаз    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

24/10/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.