Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Экс-банкир Жомарт Ертаев рақымшылықпен бостандыққа шықты
Гүлмира Сарсенғали жаңалық 03/09/2025

Экс-банкир Жомарт Ертаев рақымшылықпен бостандыққа шықты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2020 жылы RBK Bank-тен 144 миллиард теңге жымқырғаны үшін сотталған банкир Жомарт Ертаев рақымшылыққа ілігіп, бостандыққа шықты.

Сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде сот үкіміне сәйкес өтеген. Бұл туралы қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

– Сот шешімі негізінде оған рақымшылық актісі қолданылып, бостандыққа шығарылды, — делінген комитет хабарламасында.

Экс-банкир алдағы уақытта бақылау үшін пробация қызметінің есебіне қойылған.

Жомарт Ертаев ісі

Банкир аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болды. 2018 жылы Жомарт Ертаев Мәскеуде Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ұсталды. Кейін 2019 жылы Ресей Федерациясынан Қазақстанға экстрадицияланды.

Ол 2011-2017 жылдары қызметін пайдаланып, алдын ала сөз байласқан тұлғалармен бірге «Bank RBK» АҚ-нан 144 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Аталған іске 54 адам тартылған. Олардың қатарында 41 топ-менеджер мен банк қызметкері болған.

Алматы соты 2020 жылы экс-банкирді 11 жылға бас бостандығынан айырды. 2021 жылы оған Алматыдағы үш банктен қаржы жымқыру ісі бойынша тағы үкім шықты. Ертаев қылмыстық топты ұйымдастырғаны әрі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, тоғыз жылға сотталды.

Экс-банкир рақымшылыққа ілініп, бес жылдан кейін еркіндікке шығып отыр.

Елімізде рақымшылық заңына сәйкес 900-ден астам адам түрмеден босатылды. Олардың ішінде 101 әйел адам және алты кәмелетке толмаған жасөспірім бар. Бұл жөнінде осыған дейін Ішкі істер министрлігі Sarapshy.info порталына хабарлаған еді.

Еске салайық, 2025 жылдың 23 маусымында Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай амнистия жарияланды. Соған сәйкес 15 мыңнан астам сотталушы тізімге енеді. Олардың шамамен екі мыңы бостандыққа шықса, қалғандарының жаза мерзімі қысқартылады.

Фото: Wikipedia

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2025 RBK Bank Sarapshy.info порталы Конституцияның 30 жылдығы қылмыстық атқару жүйесі комитеті Рақымшылық Рақымшылық актісі Экс-банкир Жомарт Ертаев
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.