Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Қазақстанда рақымшылық заңына сай 900-ден астам адам түрмеден босатылды
Дария Ғұмар жаңалық 18/08/2025

Қазақстанда рақымшылық заңына сай 900-ден астам адам түрмеден босатылды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда рақымшылық заңына сәйкес 900-ден астам адам түрмеден босатылды. Олардың ішінде 101 әйел адам және 6 кәмелетке толмаған жасөспірім бар. Бұдан бөлек пробация қызметтерінің есебінде тұрған 1400-ден астам сотталушы жазаға кесілмейді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Sarapshy.info порталына хабарлады. 

2025 жылдың 23 маусымында Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай амнистия жарияланды.

Соған сәйкес 15 мыңнан астам сотталушы тізімге енеді. Олардың шамамен екі мыңы бостандыққа шықса, қалғандарының жаза мерзімі қысқартылады.

Босатылған азаматтарға медициналық, заңгерлік көмек, жұмысқа орналасуға жәрдем беріледі және басқа да қолдау шаралары көрсетіліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен жүргізіледі.

Кімдердің жазасы қысқартылады?

Амнистия ең алдымен дәрежесіне қарай жеңіл не орташа ауыр қылмыс жасаған, қоғамға қауіп төндірмейтін, әлеуметтік жағдайы ескерілген азаматтарға қатысты жүзеге асырылады. Олардың қатарында:

  • баласы бар әйелдер;
  • қарттар;
  • кәмелетке толмағандар бар.

ІІМ дерегінше келесі санаттар бойынша амнистия қарастырылады:

  • орташа ауыр қылмыс жасап, залал келтірмеген немесе келтірілген залалды толық өтегендерге;
  • әлеуметтік осал топқа жататындар (келтірілген залалдың көлеміне қарамастан);
  • тәртібі жақсы, жаза мерзімінің аяқталуына бір жылдан аз қалған азаматтарға.

ІІМ мәліметінше, амнистия тек әлеуметтік саясаттың бір бөлігі ретінде ғана емес, экономикалық тұрғыдан да тиімді. Бұл қадам сотталғандарды ұстауға кететін шығындарды азайтады.

«Үнемделген қаражат қылмыстық-атқару жүйесінің инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді», — дейді ведомство. 

Атышулы істер

Степногорск қалалық соты Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты сотталған Бахытжан Байжановтың амнистия туралы өтінішін қанағаттандырды. Байжанов барлық процессуалдық шығындар мен міндетті төлемдерді өтегендіктен, оған тағайындалған жаза мерзімі үштен бір бөлікке қысқартылды. Ол 2026 жылдың 16 желтоқсаны бостандыққа шығады.

2025 жылдың 2 маусымы Астанада автобус жүргізушісі ақпараттық тақтаға соғылып, 18 жолаушы зардап шекті. Апат салдарынан 8 жасар қыз екі аяғынан айырылды, ал жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша, яғни жол қозғалысы ережесін бұзып, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін айыпталған. Алайда сот оның амнистия туралы өтінішін қанағаттандырып, істі тоқтатты. 

Жамбыл облыстық сотында 6 миллион теңге жымқырған сотталушы амнистия нәтижесінде босатылды. Тергеу дерегінше, ол Қордай ауылында банкке келген азаматтардың сеніміне кіріп, 6 миллион теңге көлемінде қаражат ұрлап, Қырғызстанға қашып кеткен. Ақша сотталушының жеке қажетіне жұмсалған. Ол өз кінәсін мойындап кешірім сұрады және шығынды өтеуге уәде берді. 

фото: freepik.com 

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
алаяқтық Амнистия Бақытжан Байжанов Ішкі істер министрлігі Конституция Қасым-Жомарт Тоқаев Рақымшылық Ресми сауал Сот
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.