Bloomberg агенттігінің дерегіне сәйкес қазір Ресейдің ең ірі мұнай компанияларының кірісі күрт төмендеп жатыр. РФ-ның мұнай өндірусаласының үштен бірінен астамын қамтамасыз ететін «Роснефтьтің» таза пайдасы жыл басынан бері 68%-ға азайды. Елдегі екінші ірі мұнай өндіруші «Лукойл» мен «Газпром нефть» те алғашқы жартыжылдықтағы табыстың жылдық есеппен 50%-дан астамға қысқарғанын мәлімдеді. Ал «Татнефтьтің» кірісі 62%-ға азайған. «Сургутнефтегаз» мүлде шығынға батты.
Bloomberg мақаласында «Бюджеттегі әр төртінші рубль мен ұлттық ЖІӨ-нің шамамен 20%-ын қамтамасыз ететін мұнай-газ өнеркәсібі 50,4% табысынан айырылды», — делінген.
Үнді мұнай өңдеу кәсіпорындары 2022 жылдан бері ресейлік мұнайдықолданады. Бұл оларға кемінде 12,6 млрд доллар үнемдеуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды The Indian Express. Үндістан үшін ресейлік мұнайдың орташа бағасы басқа жеткізушілерден шамамен 13 долларға арзан.
Естеріңізге сала кетейік, 31 тамыз-1 қыркүйек арасында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди мен Ресей президенті Владимир Путин екіжақты ынтымақтастық жоспарын талқылады.
Отандық «ҚазМұнайГаздың» таза пайдасы 2025 жылдың алғашқы жартысында 2,8%-ға төмендеп, 534 млрд теңгені ($1,044 млрд) құрады. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңінен 550 млрд теңгеге ($1,224 млрд) аз.
Олег Червинский,
сарапшы
фото: istockphoto.kz

