Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Белсенділер талабынан кейін Алматыдағы №215 мектеп қазақ тілінде оқытатын болды
Дария Ғұмар жаңалық 01/09/2025

Белсенділер талабынан кейін Алматыдағы №215 мектеп қазақ тілінде оқытатын болды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Белсенділер талабынан кейін Алматыдағы №215 мектеп оқушыларды қазақ тілінде оқытады. Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.

Алматыда жаңа мектептің тек қазақ тілінде білім беруін керек екенін айтқан математика пәнінің мұғалімі Дархан Ардақұлы «жергілікті органның рұқсатынсыз бейбіт жиналыс өткізуге шақырды» деген айыппен 15 тәулікке қамалды.

Жергілікті білім басқармасы жаңадан салынған №215 мектепті қазақ және орыс тілдерінде аралас білім береді деп жоспарлаған. Алайда мектеп орналасқан Бостандық ауданының ата-аналары бұл шешіммен келіспеді. Олардың айтуынша, ауданда орыс тілінде білім беретін мектептер қазақтілді мектептерден көп.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Руслан Тусупбеков (@ruslantusupbek)

Жағдайдан хабардар болған белсенділер желіде жаңа мектептегі оқыту жүйесін толық қазақ тілінде бастауға үндеді. Олардың бірі – Алматы мектептерінің бірінде математика пәнінен сабақ беретін Дархан Ардақұлы.

Бір топ ата-ана Бостандық ауданында қазақ тілді мектептер сирек екенін айтып, білім басқармасына шағымданған.

 

Алматы қалалық әкімшілік соты 22 тамызда Дархан Ардақұлын уақытша ұстау изоляторына қамады. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан соттың бұл шешімімен келіспейтінін мәлімдеген.

 «Сот қаулысы заңсыз ғана емес, сонымен қатар қоғамда араздық тудыруға бағытталған провокациялық сипатқа ие! Дарханды бар болғаны «№ 215 мектепке барамыз» деген бір ауыз сөзі үшін қамауға алған! Сот мұны «митингке шақыру» деп бағалап отыр.

Менің адвокаттық тәжірибемде халықты сот отырысына келіп қолдауға талай рет шақырған жағдайлар болды. Қазақ тілі мәселесіне қатысты сот залдары халыққа лық толған кездер де бар. Бірақ мені ешқашан «Митингке шақырды» деп айыптаған емес», — деп жазды Абзал Құспан.

Қаланың білім басқармасы бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Алматыдағы Бостандық ауданы білім бөлімінің басшысы Айгүл Қасымбек мектепке қатысты көтерілген дауды «асыра сілтеу» деп бағалаған. Бөлім басшысы zhasalash.kz сайтына берген сұқбатында мегаполисте  26 991 бүлдіршін бірінші сыныпқа қабылданғанын айтқан. Бірақ соның 40%-ы орыс және басқа тілде оқытатын сыныптарды таңдаған.

Қазіргі кезде Алматыда 62 қазақтілді, 46 орыстілді және 195 аралас мектеп жұмыс істейді, деп жазды Factcheck.kz.

Ақпарат құралдары таратқан тағы бір дерек бойынша Қазақстанда бес жылда орыс мектептерінің саны 190-ға қысқарған. Ал Қызылорда, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласында орыс тілінде оқытатын бірде-бір мектеп қалмаған.

Оқыңыз:

Тайпақ ауылының тұрғындары неге орыс сыныбын ашуды сұрап отыр?

Өңірлік коммуникация қызметінің ақпаратына сүйенсек, биыл Батыс Қазақстан облысында 1-сыныпқа баратын 12,4 мың оқушының 75%-ы қазақ тілінде білім алады.

Sarapshy.info БҚО-дағы мектептердегі ахуалды сұрап, білім басқармасына сауал жолдады.

фото: 2gis.kz

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2025 Абзал Құспан Алматы Алматы білім басқармасы Алматыдағы №215 мектеп Басты ақпарат Білім беру Бостандық ауданы Дархан Ардақұлы Қазақтілді мектеп Орыстілді мектеп
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.