Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Қазақстанда әуежайларды сатып алған компаниялардың ресейлік инвесторларға қатысы бар – БАҚ  
Гүлмира Сарсенғали Экономика 31/08/2025

Қазақстанда әуежайларды сатып алған компаниялардың ресейлік инвесторларға қатысы бар – БАҚ  

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда соңғы жылдары жекенің қолына өткен әуежайлардың басым бөлігінде ресейлік капитал ұлғайып келеді. 2024 жылы Атырау әуежайын катарлық инвестор сатып алды.

«ATMA – Атырау әуежайы және тасымалдар» жабық акционерлік қоғамы 50% акция пакетін QazAir Investments LLC компаниясына сатты. «Азаттық радиосының» дерегі бойынша QazAir Investments LLC хэндлинг инфрақұрылымын, яғни әуе рейстерінің жерүсті қызметін сатып алған.

Ресми түрде кәсіпорын Катарда тіркелген QazAir Investments LLC компаниясына тиесілі. Негізгі акционер – Франция азаматы Авраам Даниэль Данино.

Даниэль Данино «Көпполярлы әлем институтының» (Multipolar World Institute) негізін қалаған. Ал дәл осы институт пен «Бруно Луссато және Марина Федье орталығы» институтының мекенжайы бірдей.

«Бруно Луссато және Марина Федье орталығы» – олигарх Олег Дерипасканың иелігінде. Осы олигарх шетел санкцияларына ұшыраған. Даниноның ресейліктермен байланысы бар екенін атап өткен.

QazAir Investments LLC 2023 жылы Катар астанасында тіркелген. Жарғылық капиталы – 300 мың доллар. Дохада тіркелгенімен, Қазақстанда оның араб менеджерлері жоқ. Мұнда бұрынғы кеңестік елдерден шыққан адамдар жұмыс істейді.

Азаттық осыған қатысты көлік министрлігіне сауал жолдаған. Алайда мардымды жауап алмаған. Министрлік әуежайларды шетелдік инвесторларға беру халықаралық тәжірибе екенін айтқан.

Батыс Қазақстандағы Орал әуежайында да ресейлік компанияның үлесі бар. Әуежайда қазақстандық жеке кәсіпкер Дәулетхан Қилыбаев үлесі 49%, «Орал Менеджмент» ЖШС-ның үлесі 2%. Ал үшінші құрылтайшы ресейлік «Ретранс» АҚ («Аэропорты Регионов» БК) үлесі – 49%.

Орал қаласының әуежайы 1994 жылы жекешелендірілді. «Ақ жол» халықаралық әуежайы» АҚ құрылып, сервис пен терминал жекенің қолына өтті. Әуежай 2022 жылы БҚО-дағы жер қойнауын пайдаланушы Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в. компаниясының өңірді дамытуға бөлген әлеуметтік аударымдары есебінен 6,6 млрд теңгеге толықтай жаңғыртылды.

Ал өткен жылы Қазақстанның орталығындағы Қарағанды әуежайын миллиардер Тимур Турлов сатып алды. Ол – бұрынғы Ресей азаматы. 2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Қазақстан азаматтығын алған. Forbes Турловтың дәулетін 7,6 миллиард доллар деп бағалайды. Turlov Private Holding компаниясы «Сарыарқа» әуежайының 60 пайыз үлесіне иелік етеді.

2023 жылы Қазақстанда барлығы 21 әуежай барын, оның 8-і жеке меншікке өткенін жаздық.

Былтыр елдегі ақпарат құралы ірілі-ұсақты 23 әуежай бар екені туралы жазған. Соның ішінде 18-і – халықаралық әуежай. Ал төртеуі – жекеменшік әуежай. Олар – Алматы (Алматы халықаралық әуежайы), Тараз (Әулие Ата халықаралық әуежайы), Орал (Орал халықаралық әуежайы) және Жезқазғандағы («Жезқазған Эйр» авиакомпаниясы) әуежайлар.

Фото: Freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2025 Азаттық радиосы Атырау әуежайы Әуежайлар Бруно Луссато және Марина Федье орталығы Катарлық инвестор Қазақстан Мұнайлы астана Орал қаласы әуежайы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026
жаңалық

Қазақстанда бір жылда жол апатынан 2500 адам қаза тапты

19/03/2026
жаңалық

Былтыр Қазақстанда 335 мың бала дүниеге келді

16/03/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.