Сәуір айында оқтан аман қалған Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Әкімдіктің мәліметінше, ол қызметінен өз еркімен кеткен. Берденов 2025 жылдыңақпан айында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді.
21 сәуірде Руслан Берденовке әкімдік ғимаратының алдында оқ атылды. Айыпталушы– «Тұрғын үй Шымкент» ұйымының директоры Ернар Жиембай.
Сотта Жиембай Берденовке қару кезенуге әйеліне деген қызғаныш итермелегенін айтты. Руслан Берденовтің өзі ауыр жарақат алғанын алға тартып сот процесіне қатысудан бас тартты.
Прокурор айыпталушыны 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сот оған Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіруге оқталу) бойынша айып тақты. Іс нәтижесінде Ернар Жиембай 9 жылға абақтыға қамалды.
фото: Шымкент қаласының әкімдігі

