Бүгін Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді. Қазақ ұлттық деректер орталығының мәліметінде жер сілкінісінің 28 тамыз күні сағат 07:54-те тіркелгені көрсетілген.
Магнитудасы 4,5 болған жер сілкінісінің ошағы Шығыс Қазақстандағы Күршім ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 7 шақырым жерде болған.
Бұған дейін де 23 шілде күні ШҚО-да жер сілкінісі тіркелген еді. Дүмпу облысқа қарасты 25 ауданда болған.
Сондай-ақ 27 тамыз күні түнде Маңғыстау облысында жер сілкінісі сезілді. Сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін 01:33-те анықтады.
Фото: Pixabay.com
Автор
-
Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.
Барлығын қарау

