Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Қаржы»Азия даму банкі Қазақстанға 7,5 млрд доллардан астам инвестиция құйған
Редакция Қаржы 27/08/2025

Азия даму банкі Қазақстанға 7,5 млрд доллардан астам инвестиция құйған

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

30 жыл ішінде Азия даму банкі Қазақстанда көлік, энергетика, цифрлық даму, тұрғын үй инфрақұрылымы және әлеуметтік саладағы жобаларды 7,5 млрд доллардан астам сомаға қаржыландырды. Бұл жайында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің Қазақстандағы Азия даму банкі (АДБ) өкілдігінің директоры Кумар Утсавпен кездесуінде белгілі болды.

Инвестиция құйған жобалар қатарында «Ақтөбе – Қандыағаш» автожолын қайта жаңарту, «Қызылорда – Павлодар – Үспен – РФ шекарасы» трассасының «Қызылорда – Жезқазған» учаскесі бар.

Сондай-ақ Еуразиялық даму банкі өткен жылы Қазақстан экономикасына 1,4 млрд доллар инвестиция салды. Ал қазақстандық жобалардың банк портфеліндегі үлесі 60%-ға жетті. 2025 жылы ЕАДБ портфеліне жалпы инвестиция сомасы 16,5 миллиард доллар болатын 305 жоба енді. Банк өз жұмысында көлік инфрақұрылымы, цифрландыру, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және машина жасау салаларындағы интеграцияға тиімді әсер ететін жобаларға басымдық береді.

Ал Ислам даму банкі биыл елде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін 1,1 млрд долларға дейінгі сомамен қаржыландырады.

Еуропа қайта құру және даму банкі болса, 2024 жылы Қазақстан экономикасына 930 млн еуро тікелей инвестиция салып, қосымша 300 млн еуро тартуға жәрдемдескен. Осылайша ел экономикасына құйылған қаражат көлемі 1,2 млрд еуродан асқан. Қаражат инфрақұрылым, энергетика, шағын және орта бизнес, әйелдер кәсіпкерлігі, «жасыл» экономика және шикізат салаларына жұмсалған.

Ұлттық банк дерегіне сүйенсек, Қазақстанның сыртқы борышының көлемі жыл басынан бастап 5,7 млрд долларға ұлғайып, сәуірде 170,5 млрд долларды құрады.

2025 жылдың бірінші тоқсанында сыртқы борыш төлем балансы бойынша операциялардың есебінен 3,4 млрд долларға және бағалық, бағамдық және басқа өзгерістер есебінен 2,3 млрд долларға өсті.

Қазақстанның сыртқы борышының құрылымында өтеу мерзімі бойынша 87,1% ұзақ мерзімді сыртқы борышқа тиесілі.

Фото: Freepik.com

Автор

  • Редакция

    Sarapshy.info – 2021 жылы қазан айында тәуелсіз медиа ретінде жеке бастама болып құрылған республикалық сараптамалық ақпарат агенттігі. Қазіргі күні агенттікті вебсайт, Instagram, Facebook, TikTok желілеріндегі парақшалар, Телеграм арнасы, ресми Youtube арнасы құрайды. 100% қазақ тілінде ақпарат таратады. Редакциясы Орал қаласында орналасқан.

    Барлығын қарау
2025 Азия даму банкі Банктер Еуразиялық даму банкі Қазақ елі Қазақстан Қазақстанның сыртқы борышы Ұлттық Банк
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.