14 тамыз күні Оралда тұрғындар қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің денесін тауып алды.
Куәгерлердің айтуынша, шақалақты Зашаған шағынауданы Бірлік көшесіндегі 17-үйдің маңындағы контейнерге тастап кеткен.
Оқиғаны БҚО полиция департаменті растады.
«Орал қаласында нәресте мәйітінің табылуына байланысты полиция қызметкерлері анасының жеке басын анықтау үшін жедел-іздестіру шараларына кірісті. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жүргізіліп жатыр», — делінген департамент хабарламасында.
Сурет: gov.kz
Автор
-
Sarapshy.info – 2021 жылы қазан айында тәуелсіз медиа ретінде жеке бастама болып құрылған республикалық сараптамалық ақпарат агенттігі. Қазіргі күні агенттікті вебсайт, Instagram, Facebook, TikTok желілеріндегі парақшалар, Телеграм арнасы, ресми Youtube арнасы құрайды. 100% қазақ тілінде ақпарат таратады. Редакциясы Орал қаласында орналасқан.
Барлығын қарау

