Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Астанаға көшіп келушілер саны соңғы 15 жылдағы рекордты жаңартты
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 14/08/2025

Астанаға көшіп келушілер саны соңғы 15 жылдағы рекордты жаңартты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Жарты жыл ішінде өңірлерден елордаға тұрақты тұру үшін қоныс аударып, тіркелгендердің саны 80,4 мың адамға жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға артқан. Бұл туралы Data Hub аналитикалық арнасы жазды.

ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сүйенсек, бұл – кем дегенде соңғы 15 жылдағы ең жоғары абсолютті көрсеткіш.

Қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша көрсеткіш жаңа межеден асты. Мұндай деңгей бұған дейін тіркелмеген. Айта кетерлігі, өсім жоғары база жағдайында тіркеліп отыр: өткен жылы өңірлерден қоныс аударып, ресми түрде астаналық атанғандардың саны 64,5 мың болып, бірден 75%-ға артқан.

Осылайша Астана екі жыл қатарынан өңірлерден келген мигранттарды Алматыға қарағанда көбірек тартып отыр. Бұған дейінгі жылдары көбіне оңтүстік мегаполис алда болатын.

Назар аудара кетейік, барлық өңірлер ішінде елордаға бағытталған халықтың ең көп кетуі Ақмола облысында байқалды, яғни 14,5 мың адам. Одан кейін Түркістан облысы – 7,9 мың адам. Үшінші орында жоғарыда аталған Алматы – 7 мың адам. Бұл үш өңір бірігіп, Астанаға келген ішкі мигранттардың 37%-ын қамтамасыз етті.

Дегенмен көшіп кеткендер де бар. Қаңтар-маусым аралығында елордалық тіркеуден шығып, өңірлерге тіркелгендер саны 43,6 мың адамды құрады. Олардың басым бөлігі жаңа тұрақты мекенжай ретінде Ақмола облысын (11,5 мың адам), Алматыны (5,7 мың адам) және Түркістан облысын (3,9 мың адам) таңдаған. Бұл жағдайда үш көшбасшы өңірдің жиынтық үлесі 48%-ды құрады.

Нәтижесінде, өңірлерден Астанаға келгендердің таза саны (келгендерден кеткендерді алғанда) 36,8 мың адамды құрады. Бұл да Алматыға қарағанда көп, онда осы көрсеткіш 16,9 мың адамды құрады.

Бір қызықты деректі қоса кетейік: сырттан келген иммигранттар, керісінше, Астанадан гөрі Алматыны таңдайды. Жарты жыл қорытындысы бойынша шетелден елордаға тұрақты тұруға келгендер саны бір мың адам болса, Алматыда бұл көрсеткіш 1,8 мың адамды құрады.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығы Қазақстан аймақтарында демографиялық өзгерістердің әркелкі өрбігенін көрсетті. Ұлттық бірыңғай бюроның соңғы статистикасы халық санының динамикасын ғана емес, ел ішіндегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың қайда бет алғанын да аңғартады.

Сурет: Pixabay.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2025 Астана көші-қон Қазақстан аймақтары ҚР СЖРА ҰСБ деректері
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.