Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қырғызстанда БАҚ туралы даулы заң қабылданды
Дария Ғұмар sarapshy.info 08/08/2025

Қырғызстанда БАҚ туралы даулы заң қабылданды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» жаңа заңға қол қойды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. Қоғам белсенділері мен халықаралық ұйымдар аталмыш заң жобасын сынға алып отыр. 

Human Rights Watch және өзге 10 халықаралық ұйымның бірлескен мәлімдемесінде «сөз бостандығы мен бұқаралық ақпарат құралдарын шектеу қоғамға қауіп төндіреді» делінген. Олар Жапаровты заң жобасына вето қоюға және оны қайта қарау үшін парламентке жолдауға шақырды.

Жаңа заң барлық интернет-платформаларды БАҚ ретінде тіркеуге міндеттейді және шетелдік азаматтар мен компаниялардың жергілікті медиадағы үлесін 35%-дан асырмауды талап етеді.

Журналистер бұл талаптар тәуелсіз медиа үшін қауіп төндіреді деп алаңдаулы. Заңға сәйкес, блогтар, Telegram-арналар мен YouTube-подкастар да әділет министрлігінде тіркеуден өтуі мүмкін.

Жаңа заң Қырғызстанда сөз еркіндігі шектеле бастаған кезеңде қабылданды. Биыл ел 2024 жылғы 120-орыннан 144-орынға сырғып, «Шекарасыз тілшілер» ұйымының баспасөз еркіндігі индексінде 24 сатыға төмендеді. Соңғы жылдары билік тәуелсіз журналистерге қарсы қылмыстық істер қозғап, Temirov LIVE пен Kloop жобаларының өкілдерін жауапкершілікке тартқан.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 26 қыркүйегінде Бішкекте «Айт, Айт десе», «Temirov LIVE», «ПолитКлиника» және «Арча Медиа» жобаларының журналистеріне қатысты өтіп жатқан сот отырысында прокурор оларды алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

фото: mvd.gov.kg

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
"Temirov LIVE" "Айт "Арча Медиа" "ПолитКлиника" Айт десе" БАӘ БАҚ туралы заң Бішкек Болот Теміров Қырғызстан Медиа Сады Жапаров Сөз бостандығы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Әлем жаңалықтары

Гонконгта 128 адам өрттен қаза тапты

28/11/2025
жаңалық

Журналист Кирилл Павловқа қатысты сот ісі шегерілді

15/11/2025
Әлем жаңалықтары

Трамп АҚШ-тағы ядролық сынақтарды қайта бастауға бұйрық берді

30/10/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.