Оңтүстік Кореяның экс-президенті Юн Сок Ёль бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Кореяның Yonhap агенттігі хабарлады.
2024 жылдың желтоқсанында ол елде әскери жағдай енгізген еді. Юнға ресми құжаттарды қолдан жасау, мемлекеттік қызметке кедергі келтіру, билігін асыра пайдалану және бүлік ұйымдастыру бойынша айып тағылды.
Ол 2024 жылдың қаңтарында алғаш рет қамауға алынып, екі айдан кейін босатылған болатын. Прокуратура бұрынғы президенттің бостандықта жүруі тергеуге кедергі келтіруі мүмкін екенін атап, оны тергеу изоляторына қамады. 2025 жылдың 9 шілдесінде Сеулде Юн Сок Ёльдің іші бойынша жеті сағаттық сот өтті.
фото: South Korean Presidential Office / Getty Images

