Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
    • Ақпараттық хабарлама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сейсенбі, 24 қараша
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Ақтөбе облысында су апатына жол берген әкімдік қызметкері сотталды
Дария Ғұмар sarapshy.info 01/08/2025

Ақтөбе облысында су апатына жол берген әкімдік қызметкері сотталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ақтөбе облысына қарасты Хромтау ауданында Мағажан су тасқынының алдын алуға немқұрайлықпен қараған маманға қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің облыстық департаменті хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың ақпанында еріген қар суының жоғары деңгейінен Мағажан су қоймасының бөгеті жарылды. Апат салдарынан Табантал, Қызылту және Бесқоспа ауылдарын су басты.

Тергеу нәтижесінде жергілікті әкімдік қызметкері өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны анықталды. Ол бөгеттің техникалық жағдайын бақыламаған, нақты тексерістер жүргізбеген және апаттың алдын алу үшін шара қабылдамаған.

Қызметкердің салғырттығынан Ілек және Қарғалы өзендері маңындағы саяжайлар да су астында қалды.

Апаттан келтірілген жалпы шығын 211 миллион теңгені құрайды. Сот айыпталушыны 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Батыс Қазақстан облысында да су тасқынына дайындық кезінде олқылық жіберген аудан әкімі мен қала әкімдеріне сөгіс жарияланып, бірқатар басқарма басшыларына ескерту жасалды.

фото: видеодан скриншот

 

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Ақтөбе Әкімдік Қаржы мониторингі Мағажан Су бөгеті су тасқыны Үшінші ақпарат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Әлем жаңалықтары

Рубио Орталық Азияға алғаш рет келді: Самарқанда не талқыланды?

24/10/2026
жаңалық

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

31/03/2026
Сұқбат

«Қандастарға тест тапсыруды міндеттеу – ақылға қонбайтын талап»

24/03/2026

Жаңа мақалалар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

Біздің сараптама 27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

жаңалық 27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

жаңалық 24/10/2026

Рубио Орталық Азияға алғаш рет келді: Самарқанда не талқыланды?

Әлем жаңалықтары 24/10/2026

Ресей-Украина соғысынан оралған қазақстандықтарға қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін бе?

жаңалық 23/10/2026
Сайт мұрағаты
Қараша 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Қаз    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қағаздағы тоқшылық пен тұрмыстағы тапшылық

27/10/2026

Әрбір мәслихат депутаттығына үміткердің сайлауалды науқанына бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

27/10/2026

Киіктің мүйізі қара нарыққа қалай жол тартты?

24/10/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.