Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Дүйсенбі, 23 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Редакция таңдауы»Маңғыстаулықтар халық пен президентке үндеу жасады (ВИДЕО)
Нұрлыбек Рахманов Редакция таңдауы 23/06/2025

Маңғыстаулықтар халық пен президентке үндеу жасады (ВИДЕО)

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Жуырда Маңғыстауда, Каспий теңізі жағалауында ойын аймағын ашу жоспарланып, өңір әкімдігі инвестор іздеп жатыр деген ақпарат шықты. «Маңғыстау облысының әкімдігі қоғам пікірін зерттеп, ойын аймағын ашудың қаншалықты қажет екеніне экономикалық сараптама жасалды. Оң нәтиже шықты. Қазір Маңғыстау облысы әкімдігі инвестор іздестіріп жатыр» деп Курсив сайты жазды.

Маңғыстаудың бір топ азаматы казино мен құмар ойын алаңдарын салуға қарсы шықты. Олар Қазақстан халқы мен президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жариялап, мемлекеттің лудоманияға қарсы күресінде бірізділік болуын талап етуде.

Бұл мәселеге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назар аударуын талап етіп үндеу жасаған қазақтың белгілі ақыны, қоғам қайраткері Светқали Нұржан «шетелдіктерге арналған казино» деген жай айналып өту үшін айтылған әңгіме дейді. 

— Қасиетті топыраққа казино саламыз деген бір ылаң туды. Бұл әңгіме бұрыннан шыжыңдап естіліп жүрген. Қазақстанның Маңғыстаудан Марқакөлге дейінгі ең киелі пұшпақтарына бұл казино салу – туристердің ықылас-ынтасы үшін салынады-мыс деген әңгіме.

Біз, әрине, қонақ сыйлаған елміз. Бірақ «жөніне келіп, жайына кеткен қонақтан айналмайсың ба?» дейтін де елміз. Туристің ықыласын, туристің ынтасын, туристің қажеттерін өтеген абзал болар. Бірақ біз негізгі әңгімені, негізгі істі, негізгі қызметті болашақ ұрпағымыз үшін, болашақ ұрпағымызды көктететін, көгертетін осы топырақ үшін жасауымыз керек деп есептейтін адамдармыз. Сондықтан әлгі «тек бұл шетелдіктерге арналған», «анау-мынау» деген айналып өту тәсілімен жасалған әңгіменің бәрі – біздің көңілімізді ешқашан көншітпейді. Мейлі, теңіздің ортасына салса да – ол жынхана, шайтанхана деген сөз.

Бұл – әулиелердің қонысы. Ерендердің есігі, әулиелердің бесігі болған ата-қонысты, әр пұшпағы қазақтың қасиетті қанымен боялған топырағымызға мұндай жынхана салуға келісе алмаймыз! Сондықтан осыған елдің басшысы ретінде, лудоманияға күресті бастаған, мына қазіргі ұрпағымызды азғындатып, діңкесін құртып бара жатқан, сол арқылы ұлтымыздың түбіне жетуге қараған мынау шайтани ағымдарға қарсы өзіңіз бастаған күрестің тиянағына жетуіңізді, Қасым-Жомарт Кемелұлы, қолдаймыз!

Және бұл казино салу ісі – сол нағыз лудомания деген бәленің және оның артында тұрған басқа да жыни, шайтани, лас ағыстардың көзін ашатын қайнар көзі – казино деген нәрсе.

Сондықтан мұндай лас нәрсенің біздің топырағымызға келіп ұя салғанына, тамыр жайғанына – түбегейлі қарсымыз!

Бұл саланы қолдап жүргендер: “Ойбай, қазір кез келген адамның қолында онлайн казино тұр. Кез келген адамның еркінде” деп айтып жатыр. Жоқ! Мәселе онда емес.

Мәселе – біз азаматтық парызымыздың алдында адал болуымыз керек. Біздің кешегі ата-бабаларымыз қанмен суарған, асыл сүйегі жатқан топырақ – ертең біз де сонда жатамыз. Ұрпағымыз да жатады. Мәңгілік сол қонысымызды таза ұстау, қазанымызға адал ас салу – ол біздің ата-бабадан қалған, мойнымыздағы аманат. Қылша мойынымыз қиылып түскенше – сол аманатты арқалап өтеміз.

Сондықтан, Парламент депутаты Еділ Жаңбыршин бастаған азаматтардың мына казино салуға қарсы жасап жатқан қарсылығын – біз қол-аяғымызды көтеріп қолдаймыз!

Қазақтың қасиетті топырағында, қай пұшпағында болсын – мұндай лас әңгіменің, лас істің болмауын қалаймыз. Соған сіз – Қазақстан елінің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы – кепіл болыңыз. Кепілдік болыңыз! — деді ақын Светқали Нұржан.

 

«Еліміздің ешбір пұшпағында жын-ойнақ салынбасын!»

Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңес төрағасы және Ақсақалдар кеңесі төрағасы, ғалым, техника ғылымының доктор, ҚР Заң академиясының академигі, полиция полковнигі Оңайбек Әбділов бұл мәселеге қатысты елдің ақсақалдарының атынан сөйлеп, көпшіліктің ойын жеткізді.

— Мына дүниеге келгеннен кейін, біздің мақсатымыз не, міндетіміз не? Адам баласы ретіндегі борышымыз не? – міне, қазіргі таңда осы тақырып ақсақалдарды көп толғандырады. Маңғыстау облысында казино салынады деген әңгіме шыққаннан бастап, көптеген елдің ақсақалдары хабарласып: «Бейжай қарап отырамыз ба? Неге біздің сөзімізді жеткізбейсің?» – деген соң, мен бұл тек жеке өз ойым емес, көпшіліктің ойын жеткізу деп қабылдадым.

Себебі, әлемде болып жатқан жағдайлардың бәрі – ешқандай кездейсоқтық емес. Халық: «Адам ниетінен табады», – деп айтады. Егер де біз, шын мәнінде, аталарымыз айтып кеткендей, Алланың «істе» дегенін істеп, «тыйыл» дегенінен тыйылмасақ, онда ар жағында бізді күтіп тұрған жаза бар екені – анық. Оны өздерің де білесіңдер.

Әлемде не болып жатыр? Бір жерде жер сілкінуде, бір жерде орман өртенуде. Сол апаттардың бәрі – сол жердегі халықтың ниетінен болып жатқаны жасырын емес. Сондықтан, егер де біз қазіргі таңда киелі мекен – үш жүз алпыс әулиелі Маңғыстауда жын-ойнақ салдыратын болсақ, онда бізді де Алланың жазасы күтіп тұрғанынан хабардар болуымыз керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Құрылтайда да, ақсақалдардың кеңестерінде де, бар жерде айтып жүр: қоғамда бес кесел бар деп. Олар — есірткіге қарсы күрес, лудомания (ойынқұмарлық), ысырапшылдық, отбасындағы зорлық-зомбылық және вандализм. Мемлекет басшысы осы бес кеселді қайта-қайта айтып келеді. Сондықтан, егер біз сол бес кеселмен күресеміз дейтін болсақ, онда қазір салғалы жатқан казино – сол саясатқа қайшы деп мен қабылдаймын. Сондықтан, тек Маңғыстау жерінде емес, еліміздің ешбір пұшпағында жын-ойнақ салынбасын деймін. Алла ниетімізге қарай, еліміздің болашағын жарқын етсе деген тілегім бар, — дейді Оңайбек Нұрасылұлы.

«Кеш болмай тұрып тоқтату керек!»

Маңғыстау облысының танымал азаматы, кен инженері, «Туған жер ХХІ» қоғамдық ұйымының төрағасы Киікбай Медеуов Парламент депутаттары Еділ Жаңбыршин мен Самат Мұсабаевтардың казино салуға қарсы көтеріп жатқан мәселесіне халықтың назар аударуын сұрады.

-Ойын орындарын ашу, яғни казино салу бастамасы Маңғыстау халқына қатты әсер етіп жатыр. Себебі біз – Маңғыстау халқы – ежелден әулиелерін құрметтеген, ата салтын сақтаған, бір қуыста жатқан ерекше елміз. Қазақтың негізгі өнері, әдет-ғұрпы, дәстүрі көбіне осы Маңғыстау түбегінде сақталған. Қазіргі мына тажалдармен бірге еніп келе жатқан жаһандану дейтін нәрсенің шет жағасы бізге де келіп жатыр. Мұнай-газ дәуірі аяқталып келеді. Оны біз мойындаймыз. Бірақ… қазіргі сегіз жүз мың, ертең он-он бес жылда бір миллионға жететін халықтың алдағы уақытта осы туризмді дамыту, осы бағытта өркендеу жолында жұмыс істеу керек деген ұстанымның төңірегінде – осындай желеумен әртүрлі ойын-сауық отаулары, оның ішінде біздің менталитетімізге, қазақы әдет-ғұрып пен салт-санамызға жат нәрселердің енуі бізді қатты алаңдатып отыр.

Себебі бұл бастаманың арғы жағында – біздің қазақтың жаратылысына, тәрбиесіне, болашақ ұрпақтың өсіп-жетілуіне, елдігімізді сақтауымызға мүлдем кереғар нәрселердің еніп жатқанын көреміз. Бұл – анық. Сондықтан, жаңағы біздің азаматтарымыздың ел болып көтеріп жүрген мәселелері – әсіресе казиноға байланысты соңғы кезде жиі айтылып жатқан алаңдаушылық – нағыз дер кезінде көтерілген, ушығып тұрған мәселе. Бұны басына қоя беруге болмайды. Себебі ертең – кеш болады. Бармағымызды тістеп қалатынымыз анық, — дейді Киікбай Әбілбайұлы.

«Казиноға қарсы жариялаған постымызды бұғаттауға тырысуда»

ҚР Парламент депутаты Еділ Жаңбыршин жеке парақшасында: «Құрметті халайық! Казиноға қарсы жариялаған постымызды бұғаттауға тырысуда. Казино — індет, ұлтқа — шабуыл! Сондықтан бүкіл қандай каналдар бар, таратыңыздар. Пост жазыңыздар, репост жасаңыздар. Олигополия халықтан, қоғамнан күшті емес! Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ!» деп жазды.

Ол постында: «Казиноны тек шетелдіктерге арналған» деген шектеу – қағаз жүзінде ғана. Шынайы өмірде бұл шектеулерді айналып өту тәжірибесі бар. Коррупция, екіжақты азаматтық, делдалдар арқылы өту – бұлардың бәрі бізге таныс.

Казино – экономиканы тұрақты дамытпайды. Бұл табыстың көп бөлігі шетелге кетеді немесе көлеңкелі экономикада қалады. “Лас қаржыны” легализациялау орталығына айналады. Есесіне, бізге қоғамдық қауіп, қылмыс, тәуелділік, отбасылық күйреу сияқты салдарлар қалады.

Табиғи аймақтар мен курорттарда салынатын казино – экологиялық және мәдени қауіп. Жергілікті халықтың тұрмысына, табиғатына, өмір салтына кері әсер етеді. Жеңіл жүрісті “түнгі көбелектер” көбейеді. Нашақорлық артады. Сондықтан, бұл мәселе қоғамның ашық талқылауын талап етеді. Қысқа табыс үшін ұзақ ұлттық құндылықтардан айырылып қалмауымыз керек» деп жазды Еділ Жаңбыршин.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Еділ Жаңбыршин (@zhangyedil)

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
Ақтау Басты ақпарат Бурабай Еділ Жаңбыршин казино Киікбай Медеуов Қапшағай Маңғыстау ойын автоматтары ойын алаңы онлайн казино Оңайбек Әбділов Светқали Нұржан
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Редактор бағаны

Қазақ қоғамы лудоманияны психиатриялық диагноз емес, әуестік, ермек, ойын деп қабылдайды

23/06/2025
sarapshy.info

Маңғыстау аумағына белгісіз дрон құлады

20/06/2025
Өте өзекті

Қазақстандықтардың жеке дерегі ғаламторда таралып кетті: Цифрлық даму министрлігі зерттеп жатыр

17/06/2025

Жаңа мақалалар

Қазақ қоғамы лудоманияны психиатриялық диагноз емес, әуестік, ермек, ойын деп қабылдайды

Редактор бағаны 23/06/2025

Маңғыстаулықтар халық пен президентке үндеу жасады (ВИДЕО)

Редакция таңдауы 23/06/2025

Дауыл салдарынан Павлодар облысында төтенше жағдай жарияланды

Оқиға 20/06/2025

Министрлік Израиль мен Ирандағы қазақстандықтарды эвакуациялап жатыр

жаңалық 20/06/2025

Қазақстан мен Ресей АЭС құрылысы жобасы бойынша жол картасын бекітті

Экономика 20/06/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қазақ қоғамы лудоманияны психиатриялық диагноз емес, әуестік, ермек, ойын деп қабылдайды

23/06/2025

Маңғыстаулықтар халық пен президентке үндеу жасады (ВИДЕО)

23/06/2025

Дауыл салдарынан Павлодар облысында төтенше жағдай жарияланды

20/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.